208 Views
Өткен аптада Президент Жарлығына сәйкес аудан басшысы Ернар Есіркепов Құмарық ауылдық округінің тұрғындарымен кездесіп, биылғы жылы ауданда атқарылып жатқан жұмыстарды баяндап, тұрғындарды толғандырған бірқатар ұсыныс-тілектерді талқылады.
Өткен жылы округке 118,4 миллион теңге көлемінде қаражат бөлініп, оның аясында үш көшенің автожолдары жөнделіп, бір көшеге түнгі жарық шамдары орнатылған. Сондай-ақ, Құмарық ауылындағы орталық саябақ абаттандырылды.
Биылғы жылы округті дамытуға 53,6 миллион теңге қарастырылып, қазіргі таңда Құмарық және Қаракемер ауылдарында балалар ойын алаңдары мен шағын футбол алаңын орнату, сондай-ақ, Құмарық пен Алғабас ауылдарындағы Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне арналған ескерткіштер ағымдағы жөндеуден өтті.
Кездесу барысында тұрғындар тарапынан қоғамдық көлік қызметін жаңғырту, таудан келетін егістік суларын ауылға бұру және иесіз иттерді аулау, интернет операторлар қызметін үйлестіру, сондай-ақ, көшелерді асфальттап, көше жарықтарын орнату сынды мәселелер көтерілді.
Әрбір көтерілген мәселе бойынша тиісті түсініктемелер беріліп, жекелеген өтініштер сол мезетте өз шешімін тапты. Ал қосымша қаражат пен уақытты қажет ететін ұсыныстар заң аясында зерделеніп, тиісті сала мамандарына нақты тапсырмалар жүктелді. Аудан басшысы аталған мәселелер түпкілікті шешілгенге дейін басты назарда болатындығын округ тұрғындарына жеткізді.
Аудан әкімінің
баспасөз қызметі.
Поделиться ссылкой: