Еңбегімен танылған азамат
11 ViewsСовет Одағы кезінде елімізге әйгілі, өсіп-өркендеген іргелі, озат шаруашылықтың бірі де, бірегейі де «Луговой жылқы заводы» болғаны баршамызға мәлім. Әр жылдары совхозда еңбек еткен…
Өткен аптада Көгершін ауылында Астана күні мен Ұлттық Домбыра күніне орай «Ұлттық домбыраның құдіреті – Астана күні төрінде» атты мерекелік шара өтті. Іс-шараны Көгершін ауылдық аналар кеңесі ұйымдастырды.
Мерекелік кешке аудан әкімінің орынбасары Қайрат Әбілханұлы, аудандық ардагерлер Кеңесінің төрағасы Қожайхан Қазыбайұлы, ақсақалдар алқасының төрағасы Серік Асанханұлы, билер кеңесінің төрағасы Нысанбай Шотайұлы, сондай-ақ, аудандық аналар кеңесінің төрайымы Түзел Алагөзова мен кеңес мүшелері және ауыл тұрғындары қатысты.
Мәдени бағдарлама барысында ауыл өнерпаздары ән шырқап, күй тартып, би билеп, ұлттық өнерді кеңінен дәріптеді.
Сондай-ақ, шара соңында ауылдың қоғамдық өміріне белсенділік танытып жүрген бірқатар аналар ауыл әкімінің атынан марапатталды.
Ақжарқын МҰРАТБЕК.