Келелі жиын өтті
21 ViewsОсы аптада аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту және оған қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында жиын өтті. Аталмыш кездесуге Қазақстан Республикасының…
Қараша айының соңына қарай облысымызда аналогты хабар тарату толығымен тоқтатылып, сандық технологияға жүйесі іске қосылған болатын. Айта кету керек, біздің өңір бұл жұмысты қолға алған Маңғыстаудан кейінгі екінші облыс болып саналады. Алдағы уақытта өзге аймақтар да дәл осылай цифрлы жүйеге ауысатын болады. Бұл – мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбевтың тікелей тапсырмасы.
Елбасының бастамасымен іске қосылған бұл жұмыстар көңіл қуантады. Дегенмен, облыста аналогты хабар тарту тоқтатылғандықтан, үйінде «Отау ТВ» спутниктік қондырғысы жоқ кейбір отбасылар елде болып жатқан жаңалықтан шет қалған еді. Осындай жайттарды болдырмау мақсатында өткен аптада аудандағы бірнеше жағдайы төмен отбасыға хабар тарату құрылғысы тегін үлестірілді.
Қабылдағыш құрылғыны аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Берік Шамаев пен әлеуметтік көмек көрсету секторының меңгерушісі Айхан Назарбеков және халықты жұмыспен қамту орталығының ассистенті Мая Сәтімбекова арнайы аралап, таратып шықты. «Отау ТВ» спутниктік қондырғысына ие болғандар арасында Жазира Райымқұлова, Бахтияр Досмайлов, Вениамин Пономарев, Маржан Досалова сынды Құлан ауылының тұрғындары бар.
– Әрбір қазақстандық елімізде орын алып жатқан жаңалықтардан хабардар болуы қажет. Осы мақсатта біз бүгін мемлекеттің қолдауымен жағдайы төмен жандарға хабар тарту құрылғысын тегін үлестіріп жүрміз. Енді аудандағы 344 аз қамтылған отбасы елімізде орын алып жатқан жағымды жаңалықтардан хабардар бола алады, — деді бөлім басшысы өз сөзінде.
Айта кетерлік бір жайт, аудандағы өзге ауылдардағы жағдайы төмен отбасылар аталмыш құрылғыны ауылдық округ әкімдігінен барып ала алады.
Жәнібек БАЗЫЛБЕКОВ.