Т.РЫСҚҰЛОВ АУДАНЫ 100% АУЫЗ СУМЕН ҚАМТЫЛДЫ
53 ViewsТ.РЫСҚҰЛОВ АУДАНЫ 100% АУЫЗ СУМЕН ҚАМТЫЛДЫ Жаңа жыл мерекесі қарсаңында Рахым Сәбденов ауылының тұрғындары үлкен қуанышқа кенелді. Себебі талай жылдан бері түйіні тарқатылмай келген…
Зейнетақы төлемдерін тағайындау үшін еңбек өтілін жеңілдікпен есептеу кезінде ескерілетін жұмыстардың тізбесі
Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің 208-бабының 2 тармағының 2) тармақшасына сәйкес, жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау үшін еңбек өтілін жеңілдікпен есептеу кезінде алапеске қарсы және обаға қарсы мекемелерде, адамның иммун тапшылығы вирусын жұқтырған немесе ЖҚТБ-мен ауырған адамдарды емдеу жөніндегі инфекциялық аурулар мекемелеріндегі жұмыс – екі есе мөлшерде, сот-медициналық сараптаманы және патологиялық-анатомиялық диагностиканы жүзеге асыратын ұйымдардағы жұмыс – Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен жұмыстар тізбесі бойынша – бір жарым есе мөлшерде есепке алынады.
Еңбек өтілінде екі есе мөлшерде ескерілетін жұмыстардың тізбесі көзделмеген, яғни лауазымы мен мамандығының атауына қарамастан, аталған мекемелердің барлық қызметкерлерінің еңбек өтілін жеңілдікпен есептеуге құқығы бар.
Сот-медициналық сараптаманы және патологиялық-анатомиялық диагностиканы жүзеге асыратын ұйымдардағы жұмыстардың тізбесіне мыналар жатады.
I. Денсаулық сақтау ұйымдарының республикалық, облыстық және қалалық патологиялық-анатомиялық бюроларында, орталықтандырылған патологиялық-анатомиялық бөлімшелерінде және патологиялық-анатомиялық бөлімшелерінде жұмыс:
– патологоанатомиялық мәйіттерді ашу және патологоанатомиялық дәрігерлердің операция және биопсия кезінде алынған мәйіт материалын, мүшелер мен тіндерді гистологиялық зерттеу;
– орта және кіші медициналық персоналдың патологиялық-анатомиялық аутопсия жүргізуге, мәйітті, операциялық және биопсиялық материалды өңдеуге қатысуы.
II. «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптамалары орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнында, аумақтық филиалдарда, аудандық және ауданаралық:
– дәрігерлер мен мамандардың, сот-медициналық сарапшылардың мәйіттер мен мәйіт материалдарын сот-медициналық сараптамалары;
– мәйіттерге сот-медициналық сараптама жүргізуге, мәйіт материалын орта және кіші медициналық персоналмен өңдеуге қатысу.
Айгүл Манапбаева,
№2 зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің
бас маманы.
Перечни работ, учитываемых при льготном исчислении трудового стажа для назначения пенсионных выплат
В соответствии с подпунктом 8) пункта 2 статьи 208 Социального кодекса Республики Казахстан (далее – Кодекс) при льготном исчислении трудового стажа для назначения пенсионных выплат по возрасту засчитывается работа в противолепрозных и противочумных учреждениях, инфекционных учреждениях по лечению лиц, зараженных вирусом иммунодефицита человека или больных СПИДом, – в двойном размере, в организациях, осуществляющих судебно-медицинскую экспертизу и патологоанатомическую диагностику, – по перечню работ, утвержденному Правительством Республики Казахстан, – в полуторном размере.
Перечни работ, учитываемых в трудовой стаж в двойном размере, не предусмотрены, то есть, все работники указанных учреждений, независимо от наименования должности и специальности, имеют право на льготное исчисление трудового стажа.
К перечню работ, в организациях, осуществляющих судебно-медицинскую экспертизу и патологоанатомическую диагностику, относятся.
I. Работа в республиканских, областных и городских патологоанатомических бюро, централизованных патологоанатомических отделениях и патологоанатомических отделениях организаций здравоохранения, осуществляющих:
– патологоанатомическое вскрытие трупов и гистологическое исследование трупного материала, органов и тканей, удаленных при операции и биопсиях врачами-патологоанатомами;
– участие в проведении патологоанатомических вскрытий, обработке трупного, операционного и биопсийного материала средним и младшим медицинским персоналом.
II. Работа в республиканском государственном казенном предприятии «Центр судебных экспертиз Министерства юстиции Республики Казахстан» территориальных филиалах, районных и межрайонных отделениях, осуществляющих:
– судебно-медицинские экспертизы трупов и трупного материала врачами и специалистами, судебно-медицинскими экспертами;
– участие в проведении судебно-медицинских экспертиз трупов, обработке трупного материала средним и младшим медицинским персоналом.
Айгуль Манапбаева,
главный специалист
отдела пенсионного и социального обеспечения №2.