Еңбексіз өмір жоқ, Ауырсыз жеңіл жоқ
26 ViewsЕл Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялағаны белгілі. Сондай-ақ, елімізде жыл сайын қыркүйек айының соңғы жексенбісінде Еңбек күні аталып…
Ақыртөбеліктер аудан басшысының іскерлігіне дән риза
Сәрсенбі күні аудан әкімі Ернар Есіркепов Ақыртөбе ауылдық округінің тұрғындарымен кездесіп, аудан аумағында атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы жоспарлар туралы баяндады.
Жалпы аталған ауылдық округте биыл жоба құны 653,1 млн. теңге бекітілген. Оның ішінде Малдыбай ауылында салынып жатқан 120 орындық жаңа мектеп, электр желілерін тарту және балалар ойын алаңын салу, сондай-ақ, облыстық «Үлгілі ауыл» конкурсы аясында да абаттандыру жұмыстары іске асырылуда.
Кездесу барысында тұрғындар тарапынан аудан басшысына инфрақұрылымды дамыту, мектеп оқушыларын жергілікті жерге шығу арқылы медициналық тексерістен өткізу, иесіз иттер және жеңілдетілген несие туралы өтініш-тілектер көтерді.
Дәстүрлі жеке қабылдау барысында да кәсіпкерлікті қолдау, электр желілері мен өрт сөндіру бекетін жаңарту сынды мәселелер көтеріліп, аталған мәселелер бойынша тұрғындарға қолданыстағы заң шеңберінде түсініктемелер беріліп, тиісті тұлғаларға тапсырмалар жүктелді.
Аудан әкімінің баспасөз қызметі.