Алтынай үшін бұл іс – тек табыс көзі емес, жүрек қалауы
Биылғы жылы мемлекет тарапынан берілетін қайтарымсыз грантты аудан бойынша 81 адам иеленіп, әрқайсысы 1 572 800 теңгеден қолдау алды. Солардың бірі – Құлан ауылының тұрғыны, көпбалалы ана Асылай Есеналиева.
Ол осы мүмкіндікті пайдаланып, балалар денсаулығына бағытталған «AquaBaby» массаж орталығын ашты. Мұнда сәбилерге арналған массаж, гидромассаж, емдік дене шынықтыру, парафин терапиясы, плоско-вальгусқа қарсы жаттығулар және электрофорез секілді заманауи қызметтер көрсетіледі.
Асылай үшін бұл іс – тек табыс көзі емес, ең алдымен жүрек қалауы. Балалардың денінің сау болып өсуіне үлес қосу – оның басты мақсаты.
Жаңа орталық алдағы уақытта ауданымыздағы балалардың саулығын нығайтуға үлес қоса отырып, қызмет аясын кеңейтуді де жоспарлап отыр.
Ақжарқын Мұратбекқызы.
