Жастар белсенділік танытты

962 Views

 Жастар белсенділік танытты

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 2018 жылғы 5 қазанда жарияланған Қазақстан халқына Жолдауында «Келесі жылды «Жастар жылы» деп жариялауды ұсынамын» деген еді. Бұл бастаманы қолдауда аудандық «Жастар ресурстық орталығы» белсенділік танытты. Бұған дәлел, жыл басталысымен-ақ, «Жастар ресурстық орталығының» ұйымдастыруымен «Мен жастарға сенемін!» атты Жастар жылын насихаттау мақсатында салтанатты шара өтті. Аудан жастарының басын қосқан жиынға барлық мекемелерден жас мамандар, колледж студенттері және жоғарғы сынып оқушылары қатысты.

 Жастардың қауымымен өткен шарада алғаш болып сөз сөйлеген аудан әкімінің орынбасары Бейсенбек Әлпейісов Елбасының жастарға үлкен сенім артып, қолдап келе жатқандығын, ауыл жастары үшін көптеген бағдарламалардың  қабылданғанын атап өтті. Ал аудандық ардагерлер Кеңесінің төрағасы Қожайхан Бижанов ауданда ел сенімін ақтар білімді де білікті жастардың аз еместігін айтып, оларға толайым табыстар мен қадамдарына сәттілік тілейтінін жеткізді. Жиында еліміздің игілігі үшін бір кісідей атсалысып, ауданның өсіп-өркендеуіне үлестерін қосып жүрген белсенді жас мамандар да сөз алды. Олар өз қызметтеріне адалдығын, сондай-ақ, мемлекетіміздің келешегі жолында аянбай еңбек ететіндіктерін айтып, қалың көпшіліктің көңіліндегі үміт отын жақса, мәдениет саласы қызметкерлері арнайы концерттік бағдарламасын ұсынды.

Салтанат ҚАРАСАЙ.

Поделиться ссылкой: