КОЛЛЕДЖДЕГІ ЕСЕП БЕРУ
Ендігі бағдар – техникалық және кәсіптік білім беру
Қазір ауылдық аймақ халқы алдында әкімдер есеп беруде. Осынау үрдіске колледж басшылары да көңіл аударып, ұжым алдында жылдық есебін берді. Айту ләзім, оқу орнының бұрынғы басшысы Жұмакүл Оңғарбайқызы Бүкірованың Құлан ауыл шаруашылығы колледжіне сіңірген еңбегі зор. 2018 жылы колледж бюджеті 351 миллион 84 мың теңгені құрады. Ал, оның 165
миллион 74 мың теңгесі материалдық-техникалық базаны нығайтуға жұмсалды. Дәлірек айтқанда, осы қаражат есебінен ветеринарлық клиника, дәнекерлеу цехы салынып, көлемі 800 шаршы метрді құрайтын екі жылыжай ашылды. Сондай-ақ, орман шаруашылығы мен аспазшы шеберханаларына және сүт пен ет өнімдерін зерттеуге арналған микробиологиялық зертханалар пайдалануға берілді. 17 пәндік және 3 ақпараттық мультимедиялық кабинет жабдықталып, бір «Беларусь 82-1» тракторы, бір «ДУК» пен бір «ГАЗ-3309», «Газель» автокөліктері сатып алынды. Оқу орнында бұдан өзге де ауыз толтырып айтарлықтай жаңалықтар бар. Бұл туралы колледж директорының міндетін уақытша атқарып отырған Ержан Әлібаев өзінің жасаған баяндамасында егжей-тегжейлі айтып өтті.Баяндамашы өз сөзінде: -Жамбыл облыстық әкімдігі білім басқармасының 2018 жылғы 24 қазандағы шешімімен енді біздің оқу орны «Құлан агротехникалық к о л л е д ж і » к о м м у н а л д ы қ м е м л е к е т т і к қ а з ы н а л ы қ кәсіпорны болып аталады. Ендігі жерде біз басты назарымызды техникалық және кәсіптік білім беруге бағыттайтын боламыз. Елбасы Жолдауының бұл – ең өзекті мәселелерінің бірі. Сонымен қазіргі таңда білім алып жүрген 719 студентіміз 6 мамандық пен 15 біліктілікке ие болады. Ветернария мен а г р о н о м и я б ө л і м д е р і н і ң әрқайсысында төрт-төрттен сегіз мамандық бар. Сонымен қатар ақпараттық жүйелер, фермерлік шаруашылық, дәнекерлеу ісі мен тігін өндірісі және киімдер үлгілеу мамандықтары бойынша білім береміз. Тігін өндірісіне маманданушылар модельер-конструктор, тігінші деген диплом алып шығады.
Осыған орай, оқытушылар құрамы да жақсы іріктелген. Қазіргі таңда білім беріп жүрген 78 ұстаздың 69-ның жоғары білімі бар. Өткен жылы 55 мұғалім білімін көтеріп келді. Бізде жеті пәндік-циклдық к о м и с с и я ж ұ м ы с і с т е й д і . Дуальды оқыту жүйесі мен эксперименттік модульдік оқыту жоспары, ветеринария мен агрономия бөлімдерінде өзектендірілген білім беру бағдарламасы енгізілген. Ал, әлеуметтік әріптестік бойынша 98 қожалықпен келісім-шартқа тұрғанбыз. Дуальды оқыту Қордай, Талас, Шу, Байзақ, Мойынқұм, Жамбыл, Сарысу, Меркі аудандарында жақсы ұйымдастырылған. Мәселен, Меркі асыл тұқымды қой зауыты студенттерге өтемақы беруді қолға алды.
Баяндамашы өз сөзінде оқу орнында өтіп жатқан семинарлар мен байқаулар, педагогикалық оқулар мен шығармашылық есептер жайлы да тиянақтап өтті. Өзге де жоғары оқу орындарымен байланыс туралы да, жақында ғана колледжде өткен Шыңғыс Айтматов оқулары төңірегінде де сөз болды. Өткен жылы студенттерінің 17 халықаралық, тоғыз республикалық, 16 облыстық шараға қатысып, жүлделі орынмен оралғанын айтты. 15 оқытушының әдістемелік жұмыстары баспасөз бетінде жарияланып, тоғыз ұстаздың озат тәжірибесі өзінің оң б а ғ а с ы н а л д ы . М ә с е л е н , М.Исақұлованың іс тәжірибесі облыс көлемінде таратылды. Биылғы жылға 415 миллион 856 мың теңге қаражат оқу базасын одан әрі нығатуға бөлініп отыр. Осының барлығы оқу орнындағы жұмысты одан әрі қарай жандандыра түсуге ықпал етеді деп ойлаймыз. Мұндағы оқу үлгірімі өткен жылы 97,4 пайызды құраған екен. Демек, білімгерлердің де оқытушылардың да ай қарап жүрмегені анық. Есеп беру жиналысына келіп қатысып отырған аудандық ақсақалдар кеңесінің төрағасы Қожайхан Бижанов осы мәселе төңірегінде айта келіп, биылғы жастар жылында жастарды жаңа жетістіктерге жете беруге жігерлендіріп өтті. Директордың оқу-өндір і с т і к қ ы з м е т і ж ө н і н д е г і орынбасары Райхан Тасыбаева агротехникалық бағыттағы тың ойларын ортаға салды. Ал, байырғы оқытушы Серік Күмісов пен директордың оқу-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Мая Бағылбековалар Үкіметтің өздеріне жауапты міндет жүктеп отырғанын, ендігі жерде ерекше құлшыныспен жұмыс істеу керектігін баса айтты.
Жиналыста колледж кәсіподақ ұйымының жетекшісі Ерболат Байсейітов, туберкулезге қарсы емдеу мекемесінің басшысы Е.Жақияев сөз алып, баяндамашының есебіне қанағаттанарлық деген баға берді.
С.ҚОЖЕКЕ,
Суреттерде: Құлан агротехникалық колледжі
директорының міндетін атқарушы
Ержан Әлібаев мұғалімдер алдында есеп беруде:
залдан көрініс.