Кітаппен кемел келешекке

10 Views

Кітап – білімнің бастауы, ойдың азығы, рухани
дамудың темірқазығы. Оқырман мәдениетін
қалыптастырып, зерделі ұлт тәрбиелеу мақсатында
елімізде
«Кітап оқитын ұлт» республикалық
марафоны
бастау алды. Аталған бастама ауданымызда
да қолдау тауып, оқырман қауымын ортақ
мақсатқа біріктіріп отыр.

Осыған орай осы аптада Әлихан Бөкейханов
атындағы орта мектебінде «Кітаппен кемел
келешекке» атты кітап оқу марафонының ашылу
салтанаты өтті. 15 қыркүйек пен 15 наурыз
аралығында жалғасатын марафонның негізгі
мақсаты – кітап оқуды күнделікті дағдыға
айналдырып, өскелең ұрпақтың сыни әрі
аналитикалық ойлау қабілетін дамыту.

Жоба аясындағы марафон жеті бағытты қамтиды. Мектеп оқушылары мен студенттерден бастап, педагогтер, отбасылар, зияткерлер және мемлекеттік қызметшілерге дейін өзіне жақын бағытты таңдап, кітап әлеміне саяхат жасай алады. Яғни жоба – жас ерекшелігіне қарамай, баршаға кітап арқылы білім мен ізденіске жол ашуды көздейді.

Кітап оқу – адамның білімін толықтырып қана қоймай, ойлау көкжиегін кеңейтетін, сөздік қорын байытатын рухани қажеттілік. Сондықтан марафонның түпкі мақсаты – кітапты күнделікті өмірдің ажырамас бөлігіне айналдыру.
Мектеп қабырғасында өткен ашылу салтанаты мазмұнды өтті. Қонақтар назарына кітап көрмесі ұсынылып, сахналық қойылым қойылды. Ән мен биден шашу шашылып, кітаптың адам өміріндегі маңызы көркем түрде насихатталды.
Айдана МАҚСҰТ.

Поделиться ссылкой:

Добавить комментарий