Бұл – Советский Бақытжан
9 ViewsБЕЛГІЛІ САТИРИК, ҚАЗАҚСТАН ЖАЗУШЫЛАР ЖӘНЕ ЖУРНАЛИСТЕР ОДАҒЫНЫҢ МҮШЕСІ, «ҚҰРМЕТ» ОРДЕНІНІҢ ИЕГЕРІ БАҚЫТЖАН ӘЛІМҚҰЛОВ БИЫЛ АСҚАРАЛЫ 60 ЖАСҚА ТОЛЫП ОТЫР. ЕҢБЕК ЖОЛЫН 1984 ЖЫЛЫ ЖАМБЫЛ…
Жақында Тараз қаласындағы 99205 әскери бөлімінде аумақтық қорғаныс даярлығы аясында «Құлан – 2026» әскери жиынының ашылу іс-шарасы өтті. Жиын Қазақстан Республикасының «Қорғанысы және Қарулы Күштері туралы» заңына және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің 2026 жылға арналған дайындық жоспарына сәйкес ұйымдастырылды.
Жиынға облыс әкімінің бірінші орынбасары Нұржан Календеров, облыс әкімінің жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқарма басшысы Ерлан Байболат, Т.Рысқұлов ауданы әкімінің орынбасарлары Ерғазы Еспенов пен Бақкелді Тұрсынбек және ауданның аумақтық қорғаныс батальонының бөлімшелеріне тіркелген 78 әскери міндетті қатысты. Іс-шара барысында жиынның мақсат-міндеттері таныстырылып, алдағы оқу
жаттығу кезеңінің негізгі бағыттары түсіндірілді.
Жиын қорытындысы бойынша әскери міндеттілердің даярлық деңгейіне баға беріліп, алдағы кезеңге арналған міндеттер таныстырылды.
Айта кетейік, ауданнан арнайы барған әскери міндеттілер алдағы күндері дәрістерден, сан түрлі бағытта жаттығулардан өтетін болады.
«ҚҰЛАН МЕДИА» АҚПАРАТ