Бұл – Советский Бақытжан
9 ViewsБЕЛГІЛІ САТИРИК, ҚАЗАҚСТАН ЖАЗУШЫЛАР ЖӘНЕ ЖУРНАЛИСТЕР ОДАҒЫНЫҢ МҮШЕСІ, «ҚҰРМЕТ» ОРДЕНІНІҢ ИЕГЕРІ БАҚЫТЖАН ӘЛІМҚҰЛОВ БИЫЛ АСҚАРАЛЫ 60 ЖАСҚА ТОЛЫП ОТЫР. ЕҢБЕК ЖОЛЫН 1984 ЖЫЛЫ ЖАМБЫЛ…
Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы мен Т.Рысқұлов аудандық тарихи-өлкетану музейінің бірлесе ұйымдастыруымен көру қабілеті шектеулі жандардың мәдени және тарихи мұраларымен толыққанды танысуына мүмкіндік бере отырып, оқырмандарға инклюзивті қоғам қалыптастыруға ықпал етіп, музей экспозициясына еркін қол жеткізуге жағдай жасау мақсатында «Тифло-музей» жобасы аясында «Қолыңмен ұстап, жүрекпен сезін!» атты тарихи танымдық бұрышы бойынша толықтыру шарасы өтті.
Шара барысында ХІХ-ХХ ғасырлардағы тұрмыста қолданыста болған қобдиша, домбыра макеті, домбыра, кәде сый, кесе ыдыс, ер адамның қой ұстаған бейнесі, сағат, қуыршақтар, баян, қамшы, шөңке, шам, құмған, қақпан, радио, дән үгіткіш тас, жеміс ыдысы, қыш ыдыс, мүйізден жасалған кәде сый, үй жағдайында кеңінен қолданған сүт сауатын аппарат сияқты көне заттардан көрме ұсынылып, жалпы саны – 20 QR-код қойылған жәдігерлерімен толықтырылды.
Шара соңында заманауи үлгідегі QR-код қойылған экспонаттардың кодын енгізу арқылы смартфонның көмегімен тарихи жәдігердің тарихы кеңінен насихатталды. Т.Рысқұлов аудандық музейінің экскурсоводы Мейржан Таңсықұлы танымдық бұрыштың тарихын кеңінен айтып, аудан оқырмандары өзара пікір алмасты. Сонымен қатар «Кітап – тарих айнасы, шежіре – ұрпақ мұрасы» кітап көрмесі ұсынылды.
Эльдар УТЕМБАЕВ,
аудандық тарихи-өлкетану музейінің меңгерушісі.