РЕСПУБЛИКА КҮНІ – ТАРИХ ПЕН ТАҒЫЛЫМ
8 ViewsТарихта кейбір күндер жай ғана күнтізбедегі белгі болып қалмайды. Олар тұтас бір ұлттың тағдырымен, арманымен және болашаққа деген үмітімен байланысты болады. Республика күні –…
ӨМІРБАЯНЫ
Әшімхан Ільяс Жандосұлы 1998 жылдың 10 қарашасында
Құлан ауылында дүниеге келген. 2016 жылы Тараз қаласындағы
М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетіне «Көліктік
техника» мамандығы бойынша оқуға түсіп, 2020 жылы аталған оқу
ордасын тәмамдаған. Білімі – жоғары.
Еңбек жолын 2020 жылы Т.Рысқұлов ауданы әкімінің төтенше
жағдай инспекторы болып бастаған. 2021 жылы Ақниет ауылдық
округі әкімі аппаратының жетекші маманы, 2025 жылдан бастап
қазіргі уақытқа дейін Луговой ауылдық округі әкімі аппаратының
бас маманы қызметін атқарып келеді.
САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ
Құрметті Құмарық ауылдық округінің тұрғындары!
Мен өзін-өзі ұсыну тәртібімен ауылдық округ әкімінің лауазымына
өз кандидатурамды ұсынып отырмын. Алға қойған мақсаттарым да
көп. Сол мақсаттарды өздеріңізбен ақылдаса отырып, бірлесе шешуге
мен әрқашан дайынмын.
Ауыл – елдің алтын бесігі. Ауылдың болашағы – оның еңбекқор
халқында, бірлігінде және жас ұрпағында. Сондықтан менің
ұстанымым – халықпен бірге шешім қабылдау, нақты іспен нәтиже
көрсету және әрбір бастаманың орындалуына жауапкершілікпен
қарау.
Мен ең бірінші кезекте ауыз су жүйесінің тұрақты жұмыс істеуіне
және су мәселелерінің шешілуіне басымдық беретін боламын.
Одан кейін ауыл жастарының кәсіп бастауына, шағын және орта
бизнесті дамытуына қолдау көрсетуге де әзірмін.
Одан бөлек те көптеген жұмыстарды қолға алмақпын. Атап
айтсам:
– ауылдағы мәдени-көпшілік іс-шараларды жандандыру;
– ұлттық салт-дәстүрлер мен рухани құндылықтарды дәріптеу;
– балалар мен жасөспірімдердің спортпен және шығармашы
лықпен айналысуына қолайлы орта қалыптастыруға ықпал ету;
– ауылдың тарихын, мәдени мұрасын және елге еңбегі сіңген
азаматтарын насихаттау;
– «Таза ауыл» бастамасын тұрақты түрде жүзеге асыру;
– ағаш отырғызу, гүл егу және жасыл аймақтарды күтіп ұстау
жұмыстарын ұйымдастыру;
– тұрғындарды сенбіліктерге және ортақ игілікке бағытталған
жұмыстарға жұмылдыру;
– балаларға экологиялық тәрбие беруге және табиғатты қорғауға
назар аудару;
– әрбір ұсыныс пен өтінішті мұқият тыңдап, заң аясында шешу
жолдарын қарастыру;
– ауыл бюджетін тиімді әрі ашық пайдалануға, қаржылан
дырылатын жұмыстардың барысы туралы тұрғындарды хабардар
етуге ұмтылу;
– атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар туралы тұрақты
есеп беру секілді мәселелер.
Құрметті ауылдастар!
Сіздердің сенімдеріңізді ақтау, ауылымыздың дамуына адал
қызмет ету – менің басты мақсатым. Ал сол мақсатқа жету үшін
сіздердің дауыстарыңыз маңызды.