ҚҰМАРЫҚ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІНЕ ҮМІТКЕР КЕКСРАУОВ ЖАННҰР СЕРІКҰЛЫНЫҢ ӨМІРБАЯНЫ МЕН САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ

15 Views

ӨМІРБАЯНЫ

Кексрауов Жаннұр Серікұлы 1994 жылдың 20 желтоқсанында

Көкдөнен ауылында дүниеге келген. 2012 жылы Тараз қаласындағы

М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетіне «Құқық

тану» мамандығы бойынша оқуға түсіп, 2016 жылы аталған оқу

ордасын тәмамдаған. Білімі – жоғары.

Еңбек жолын 2016 жылы аудан әкімі аппаратының мемлекеттік

құқықтық бөлімшесінде «Жастар тәжірибесі» бағдарламасы бойын

ша білімін ұштастырушы болып бастаған. 2018-2019 жылдар

аралығында Көгершін ауылдық округінде жетекші маман, 2019-

2023 жылдар аралығында аудан әкімдігінің «Халықты жұмыспен

қамту орталығы» КММ-нің заңгер маманы болып еңбек еткен.

2023 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін «Көкдөнен ауылдық

округі әкімі аппараты» КММ-нің бас маманы қызметін атқарып

келеді.

САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ

Құрметті Құмарық ауылдық округінің тұрғындары!

Ауылдың өркендеуі бір күннің жұмысы емес, бірліктің, жүйелі

еңбектің және нақты жоспардың нәтижесі. Сондықтан ауыл

тұрғындарымен бірлесе отырып, төмендегі бағыттар бойынша

жұмыс жүргізуді өзімнің негізгі міндетім деп санаймын.

«Жас келсе – іске» деген. Мен ауылдық округке әкім болған

жағдайда алдымен ауыл жастарын қолдауға әрқашан күш салатын

боламын. Менің сайлауалды бағдарламам төмендегідей:

– жастардың бос уақытын тиімді өткізуіне жағдай жасау;

– ауыл жастары арасында спорттық жарыстар мен мәдени іс-

шаралар ұйымдастыруға қолдау көрсету;

– аз қамтылған отбасылардың, жалғызбасты қарттардың және

әлеуметтік осал топтардың мәселелерін назарда ұстау;

– әлеуметтік көмек алуға мұқтаж азаматтарға тиісті мекемелерге

жүгіну барысында қолдау көрсету;

– ардагерлерге, көпбалалы отбасыларға және ерекше қажетті

ліктері бар азаматтарға қолайлы орта қалыптастыруға ықпал ету;

– мектеп, кітапхана, мәдениет үйі және басқа да әлеуметтік

нысандардың материалдық жағдайын жақсарту жөніндегі

жұмыстарды қолдау;

– ұлттық салт-дәстүрді дәріптейтін мәдени іс-шараларды

ұйымдастыруға ықпал ету;

– жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыру жөніндегі ұсыныстарды

тиісті мекемелерге жеткізу;

– иесіз жүрген мал мәселесін заң талаптарына сәйкес реттеуге

ықпал ету;

– ауыл аумағында санитарлық тазалық жұмыстарын тұрақты

ұйымдастыру;

– қоғамдық тәртіпті сақтау және құқық бұзушылықтың алдын

алу бойынша бірлескен жұмыстарды қолдау;

– ауыл тұрғындарымен тұрақты кездесулер өткізу;

– тұрғындардың өтініштері мен ұсыныстарын тыңдап, олардың

орындалу барысын бақылау.

Мен үшін ауылдың дамуы – жай ғана міндет емес, ортақ

жауапкершілік. Әрбір тұрғынның пікірі ескеріліп, ауылдың өзекті

мәселелері бірлесе шешілуі керек.

Халықпен бірге ақылдасып, нақты істерге басымдық беріп,

ауылымыздың болашағы үшін адал еңбек етуге дайынмын.

Поделиться ссылкой:

Добавить комментарий