АҚНИЕТ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІНЕ ҮМІТКЕР ТҰРАБАЕВ НҰРДОС ӘБІҚҰЛҰЛЫНЫҢ ӨМІРБАЯНЫ МЕН САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ

14 Views

ӨМІРБАЯНЫ

Тұрабаев Нұрдос Әбіқұлұлы 1969 жылдың 3 сәуірінде Д.Қонаев

ауылында дүниеге келген. 1993 жылы Қазақ химия-технологиялық

институтын «инженер-химик-технолог» мамандығы бойынша,

2005 жылы Алматы экономика және статистика академиясын

«қаржы және несиелер» мамандығы бойынша, 2013 жылы Жамбыл

гуманитарлық-техникалық университетін «география» пәні мұғалімі

бойынша тәмамдаған. Білімі – жоғары.

Еңбек жолын 1993-1995 жылдары аралығында «Тараз қаласы,

«Бауырлар» жеке меншік кәсіпорнында автокөлік жүргізушісі болып

бастаған. 1996-1997 жылдары Тараз қаласы, «Торгово финансовый

дом» директорының орынбасары, 1998-1999 жылдары Луговой

ауылы, Луговой жөндеу-механикалық зауытында кислород цехының

инженер-технологы, 2000 жылы Жамбыл ауданы, «Антарес» ЖШС-

де инженер, 2001-2006 жылдары Юбилейное ауылы, Новосель

ауылдық округінің әкімі болып қызмет атқарған.

2006-2007 жылдары Астана қаласы, Республикалық білік

тілікті растау және беру орталығында ұйымдастыру құқықтық

жұмыстары бөлімінің бастығы, 2008 жылы аудандық «Құлан таңы»

редакциясында бас есепші, 2008-2009 жылдары аудандық «Құлан

жолдары» ЖШС-нің бас есепшісі, 2009-2012 жылдары Юбилейное

ауылы, Подгорный шағын орталықты орта мектебінде экономика

мамандығы бойынша мұғалім, 2012-2013 жылдары Юбилейное

ауылы, Подгорный шағын орталықты орта мектебінде география

пәні мұғалімі, 2013-2019 жылдары Юбилейное ауылы, Подгорный

шағын орталықты орта мектебінде әлеуметтік педагогы болған. 2019-

2022 жылдары Д.Қонаев ауылы, Ақниет ауылдық округі әкімінің

қызметтерін атқарған. 2022 жылғы 19 желтоқсаннан бастап қазіргі

уақытқа дейін Ақниет ауылдық округінің әкімі қызметін атқарып

келеді.

САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ

Құрметті ауыл тұрғындары!

Ауылды көркейту – басты мақсатым!

Мені округ әкімі етіп сайласаңыздар, алдағы 4 жылда:

– ұлттық құндылықтар мен ұлт тарихының, ана тіліміздің

мәртебесінің жоғарылауына барынша атсалысу;

– сайлауалды бағдарламадағы басты мақсатым – денсаулық

сақтау, білім, ауыл шаруашылығы салаларындағы қолжетімділікті,

заңдылықты қамтамасыз ету;

– ауылдық округтің әлеуметтік экономикалық және көкейкесті

мәселелерін шешу мақсатында аз қамтылған отбасыларды әлеуметтік

қолдау, жұмыссыздық деңгейін азайту, тұрғындардың күнделікті

тұрмыстық жағдайларын жақсарту, сәтсіз отбасыларының болмауын,

ауыл шаруашылық құралдарының санын көбейту;

– шағын және орта бизнестің дамуына, шаруа қожалықтарының

толыққанды жұмыс істеуіне, оларға субсидия және несиеге қол

жеткізу жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізу;

– ауылдың қабілетті жастарына қолдау көрсете отырып, олардың

қоғамдық-саяси өмірге белсенді араласуына жағдай жасап,

мәдени шараларды уақтылы, ұлттық салт-дәрстүрге сай, жаңа

технологиялық үрдісте өтілуіне жүйелі жоспар жасау;

– ауыл тұрғындары мен кәсіпкерлерге мемлекеттік бағдарла

малардан қаржылай көмек алуға жәрдемдесу;

– ауыл аумағындағы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер

лердің тыңайтылуына, экологиялық талаптардың сақталуына, тиімді

дақылдардың өсірілуіне, суғарудың жаңа технологияларына қол

жеткізілуіне ықпал жасауға барынша көңіл бөлемін;

– егер округ әкімі болып сайлансам, осы жұмыстарды атқаруға

және ауыл тұрғындарының мұң-мұқтаждарын қорғап, Сіздердің

үлкен сенімдеріңізге ие бола болуға бар күш-жігерімді саламын.

Поделиться ссылкой:

Добавить комментарий