Алматыдан бас жүлдемен оралды

849 Views

Алматыдан бас жүлдемен оралды

Мұқан Төлебаев атындағы балалар музыка мектебінің вокал сыныбының жетекшісі Лескүл Жиенбетовамен Қарақыстақ ауылында балалар бақшасы ашылған сәтте танысқан едік. Лескүлдің фортепиано аспабында керемет ойнайтынын көріп, тамсанып қол соққанбыз сонда. Түрлі тақырыптардағы аудандық ән байқаулардың басы-қасында Лескүл міндетті түрде жүреді. Осылайша, ол үнемі талантты жасөспірімдерді өз сыныбына қабылдап, өнерін шыңдайды. Жуырда бір кездескенімізде Лескүл атақты балет бишісі Мая Плисецкаяның «Кім көп жұмыс істесе соның күші көбейеді. Егер мен бір күн жұмыс істемесем оны өзім сезінемін, екі күн жұмыс істемесем әріптестерім сезіп қояды, ал үш күн жұмыс істемесем жұрттың бәріне көрініп тұрады» деген сөзін өмірлік қағидаларының біріне балайтынын айтқан-ды. «Ауырдың астымен, жеңілдің үстімен» жүріп, нәпақа алып отырғандардың көбі осылай еңбек етсе ғой, шіркін.

Жуырда Алматы қаласындағы Жазушылар Одағының ғимаратында «Ханшайым Эвент» продюсерлік орталығының ұйымдастыруымен «Жас жұлдыз» атты республикалық байқау өткен еді. Осымен VI рет өткізіліп отырған аталмыш байқауға Мұқан Төлебаев атындағы балалар музыка мектебінде вокал сыныбынан дәріс беретін Лескүл Жиенбетованың қос бірдей шәкірті Диляра Рықсыбай мен Нұрсұлтан Мұратұлы қатысып, бас жүлде иегері атанып отыр. Бұл б а й қ а у д ы ң қ а з ы л а р а л қ а с ы н ы ң қ ұ р а м ы н д а е с і м і е л г е б е л г і л і композитор әрі әнші Өктем Алтаев та болған екен. Аталмыш конкурста Нұрсұлтан «Гиккай» әнін орындап, көрерменнің ыстық ықыласына бөленген. Өздерінің рухты әндерімен жастың да, жасамыстың сүйіктілеріне а й н а л ы п ү л г е р г е н « А л а ш ұ л ы » тобының репертуарынан ән шырқаған Диляраның ән орындау шеберлігіне қазылар алқасы да, залға жиналған көпшілік те ерекше қол соғыпты. Талантты жасөспірімдердің алар асуы биік болсын дейміз. Лескүлдің қос бірдей шәкірті есті әндер шырқап, аудан мақтаныштары Досымжан Таңатаров пен Гүлмира Ақүрпекова сынды аға-әпкелерінің ізгілікті жолын жалғастырады деп сенеміз.

P S : Б і з « Х а н ш а й ы м Э в е н т » п р о д ю с е р л і к о р т а л ы ғ ы н ы ң директоры, республикалық «Жас жұлдыз» байқауының қолдаушысы әрі ұйымдастырушысы Ерсұлтан Адырбекпен ұялы телефон арқылы сөйлесіп, Диляра Рықсыбай мен Нұрсұлтан Мұратұлының әншілік шеберлігі жайында пікірін білдік.

«Хакім Абайдың «Әртіс – кісі болмысына енетін өнер» деген сөзі бар. Өз басым біздің тараптан ұйымдастырылған кез келген байқауда жасөспірімдердің шеберліктерін осы тұрғыдан қадағалаймын. Сондағы менің байқағаным, киелі Құлан жерінен қатысқан әрбір өнерпаз міндетті түрде өзге қатысушылардан жоғары деңгейде өнер көрсетеді. Оған дәлелді алыстан іздеудің еш реті жоқ меніңше. Жақында ғана «Жас жұлдыз» байқауында қос бірдей бас жүлде еншілеген Диляра және Нұрсұлтан есімді шәкірттерді айтсақ жарасады. Қандай дауыс. Не деген энергия. Тұнып тұрған талант қой расымен де. Осындай жарқын дауысты шәкірттерге қолдау көрсетіп, әншілік өнерін шыңдап жатқан аудандарыңыздағы мәдениет ошақтарының басшылары мен ұстаздарына шексіз алғысымды білдіргім келеді» дейді ол.

Марат ЖОЛДАСБЕКҰЛЫ.

 

Поделиться ссылкой: