Сенбілік жұмыстарына қатысты
27 ViewsАуданда сенбілік жұмыстары жалғасуда. Өткен сенбіде аудан әкімі Ернар Есіркепов Құлан ауылының шығыс бөлігінде орналасқан көпқабатты тұрғын үйлер маңында тұрғындармен бірге тазалық жұмыстарына қатысты.…
Үздіктер қатарынан көрінді
Биыл «Нұр Отан» партиясының құрылғанына -20 жыл. Осыған орай еліміздің әр аумағында сан түрлі іс-шаралар өтуде. Ілкімді шаралардың бірі біздің ауданымызда да өз жалғасын тапты. Аталмыш партияның ұйымдастыруымен ақпан айының 16 күні үстел теннисінен облыстық ашық біріншілік болып өтті. Біріншілікке облысымыздың 7 ауданынан 100 ден аса спортшылар қатысып, доданың көркін қыздырды. Айта кету керек, байрақты бә с е к е г е 2 0 0 3 -2 0 0 4 , 2005-2006, 2007-2008, 2009 жылғы ұлдар және қыздар қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша жалпы командалық есепте Т.Рысқұлов ауданы І орын, Байзақ ауданы ІІ, Сарысу ауданы ІІІ орын иеленіп, үздіктер биік тұғырдан көрінді. Жеңімпаздар «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының арнайы дайындаған дипломдармен, медальдарымен және кубоктормен марапатталды.
Ш а р а н ы ң с о ң ы н д а ж а рыстың өткізілуіне себепкер болып, демеушілік сеткен аудандық маслихат депутаттары С.Мамырбаев пен А.Қораласбаевқа «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы тарапынан алғыс айтылды.
«Құлан таңы» ақпарат.