Мемлекет басшысы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіровты қабылдады
Қасым-Жомарт Тоқаевқа 2026 жылы
29 қарашада өтетін барлық деңгейдегі
мәслихат депутаттарының кезектен тыс
сайлауына дайындық барысы бойынша сайлау
органдарының атқарып жатқан жұмысы жөнінде
ақпарат берілді.
Президент сайлауды «Заң және тәртіп»
конституциялық қағидаты негізінде өткізу,
кандидаттар мен саяси партиялардың барлығына
тең жағдай жасау маңызды екенін атап өтті.
Мемлекет басшысы алдағы уақытта
депутаттық корпустың жаңаруы жергілікті өкілді
органдардың қызметін едәуір күшейтетініне баса
назар аударды.
AKORDA.KZ
