Жамбыл облысында эпизоотиялық ахуал тұрақты

20 Views

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ
ӘКІМІ ЕРБОЛ ҚАРАШӨКЕЕВ
ВЕТЕРИНАРИЯ САЛАСЫНЫҢ
ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ МЕН
АТҚАРЫЛЫП ЖАТҚАН
ЖҰМЫСТАРДЫ ТАЛҚЫЛАУ
ЖӨНІНДЕ КЕҢЕС ӨТКІЗДІ.

Жиында ветеринария басқармасының
басшысы Бақыт Бетбаев 2026 жылға
жоспарланған іс-шаралардың орындалу
б а р ы с ы т у р а л ы б а я н д а ды . О н ы ң
мәліметінше, биыл жануарларды 12 түрлі
жұқпалы аурудан қорғау үшін 16,3 миллион
вакцина егу және бруцеллезге қатысты 5,3
миллион диагностикалық манипуляция
жүргізу жоспарланған. Жыл басынан бері
14,5 миллион вакцина егіліп, 5 миллион
диагностикалық жұмыс атқарылды.

Қазіргі таңда облыс аумағында
жануарлар арасында аса қауіпті
аурулар тіркелмеген. Эпизоотиялық
ахуал тұрақты. Мал басын есепке
алу бағытында да жүйелі жұмыстар
жүргізілуде. Биыл өңір бойынша 1 327
694 бас төлді бірдейлендіріп, дерекқорға
енгізу жоспарланған. Бүгінде оның
1 234 972-сі қамтылып, жоспар 93
пайызға орындалды. Ветеринариялықпрофилактикалық жұмыстар аясында эндемиялық аймаққа жататын 42 елді
мекенде залалсыздандыру жүргізілді.
Нәтижесінде 24 329 қора-жай, буферлік
аймақтың 142 мың шаршы метрі
және 472 мың бас жануар өңдеуден
өтті. Ветеринариялық станцияның
қызметінде ақылы қызмет көрсету
бағытының үлесі артып келеді. 2026
жылға 160 миллион теңгенің ақылы
қызметін көрсету жоспарланған.
Бүгінге дейін 140,2 миллион теңгеге
қызмет көрсетілген. Түскен қаражат
есебінен аудандардағы ветеринариялық
пункттерге 156 компьютер және
препараттарды сақтауға арналған 156
тоңазытқыш сатып алынды. Сонымен
қатар қалған қаражатқа аудандық
ветеринариялық бөлімдерді 10 Chevrolet
Cobalt қызметтік автокөлігімен
қамтамасыз ету көзделген.

Кеңесте өңір басшысы ветеринария
саласының маңыздылығына тоқталды. Бұл бағыттағы жұмыс ауыл шаруашылығының дамуына ғана емес,
халықтың санитариялық қауіпсіздігі мен
денсаулығына да тікелей әсер ететінін
баса атап өтті. Осыған байланысты Ербол
Қарашөкеев жауапты басқармалар мен
мекемелерге бірқатар міндет жүктеді.

Атап айтқанда, төлдерді бірдейлендіру
және вакцинациялау жоспарын толық
орындау, дерекқордағы мәліметтерді
нақты мал басымен салыстыру, келесі
жылға арналған ветеринариялық ісшаралар жоспарын пысықтау тапсырылды. Сондай-ақ, аса қауіпті
аурулардың алдын алу шараларын
жалғастырып, мал сою және ет сату  орындарына бақылауды күшейту міндеттелді.
Жиын қорытындысы бойынша
облыс әкімі нақты шаралар қабылдау
керектігін жеткізді.
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ БАСПАСӨЗ
ҚЫЗМЕТІ.

Поделиться ссылкой:

Добавить комментарий