Тағайындау

19 Views

Т.РЫСҚҰЛОВ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ӨКІМІМЕН РАХМАНҚҰЛ
ЕРКЕБҰЛАН КЕНЖЕТАЙҰЛЫ АУДАН ӘКІМІ АППАРАТЫНЫҢ
АЙМАҚТЫҚ БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ ҰЙЫМДАСТЫРУИНСПЕКТОРЛЫҚ ЖҰМЫСЫ БӨЛІМШЕСІНІҢ БАСШЫСЫ
БОЛЫП ТАҒАЙЫНДАЛДЫ.

Еркебұлан Кенжетайұлы 1993 жылдың 30 сәуірінде Құлан
ауылында дүниеге келген. 2013 жылы Құлан ауыл шаруашылығы
колледжін «Агрономия» мамандығы бойынша, 2016 жылы
М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін
«Агрономия» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 2013 жылы аудан әкімдігінің кәсіпкерлік және
ауыл шаруашылығы бөлімінде «Жастар тәжірибесі» бағдарламасы
бойынша бастаған. 2013-2014 жылдары аудан әкімдігі ауыл
шаруашылығы бөлімінің статист маманы, 2014-2017 жылдары аудан
әкімдігі ауыл шаруашылығы бөлімінің төтенше жағдайлар бойынша
бас инспекторы, 2017-2019 жылдары аудан әкімі аппаратының
төтенше жағдайлар бойынша бас инспекторы, 2019-2023 жылдары
аудан әкімдігі ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы болып
еңбек еткен. 2023-2024 жылдары аудан әкімі аппаратының
аймақтық бақылау және ұйымдастыру-инспекторлық жұмысы
бөлімшесінің бас инспекторы, 2024-2025 жылдары Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы болған. 2025
жылдың 7 наурызынан бастап Құлан ауылдық округі әкімінің орынбасары лауазымында қызмет атқарды.
Отбасылы. Аяулы жары екеуі 2 бала тәрбиелеп, өсіріп отыр.

Поделиться ссылкой:

Добавить комментарий