Әке, сені сағынбауға бола ма?
6 ViewsҚарсы тұрып келемін дауылдарға, Асып өтіп асуды жауындарда. Шарықтап кетсем дағы қанат қағып, Әке, өзіңізді бола ма сағынбауға? Әке, өзің кеткелі жасық өстім, Мейіріне…
ӨМІРБАЯНЫ
Қожанқұлов Ұлыбек Жамалбекұлы 1995 жылдың 27 қарашасында Луговой ауылында дүниеге келген. 2014-2018 жылдар
аралығында Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланында келісімшарт бойынша әскери қызмет атқарған. Әскери қызметті
аяқтағаннан кейін «Аtlant First» ЖШС-нің негізін қалаушысы және басшысы болған. 2020- 2026 жылдары келісімшарт
бойынша әскери қызмет атқарған. 2026 жылдан бастап «Arapbai» жеке кәсіпкерлігінің басшысы болып қызмет атқарып
келеді.
САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ
Құрметті №2 бірмандаттық аумақтық сайлау округінің сайлаушылары! Ауыл – халқымыздың алтын бесігі, береке
мен бірліктің, еңбексүйгіштік пен дәстүрдің ордасы. Бүгінде Мемлекет басшысының алға қойып отырған межесі – ауылдық
жерлерде тұрақты жұмыс орындарын ашу және халықтың өмір сүру сапасын түбегейлі арттыру. Ауылда өсіп-өнгендіктен, мен
бұл ұстанымды қолдайтын азаматпын. Сол себепті де №2 бірмандаттық аумақтық сайлау округінен аудандық мәслихатқа
депутаттыққа түсіп отырмын. Мен өздеріңізден қолдау күтемін.
Менің сайлауалды бағдарламамның ерекшеліктері мынадай:
1. Ауылдық индустриялық орталықтар мен өндірісті дамыту. Ауылдық аумақтарды жаңғыртудың басым бағыттарының
бірі – ауылдардың өз ішінде заманауи индустриялық орталықтар мен шағын өндірістік алаңдар құру. Бұл бастама өңірге
сырттан инвестиция тартуға, жаңа өндірістік кәсіпорындар мен цехтар ашуға, жергілікті ауыл шаруашылығы өнімдерін
терең өңдеуді жолға қоюға (сүт, ет, көкөніс және астық өнімдерін өңдеу), шағын өндірістерді жүйелі ұйымдастыруға және
жергілікті тұрғындар үшін тұрақты әрі қосымша жұмыс орындарын көптеп ашуға тікелей мүмкіндік береді.
2. Жастарға қолдау көрсету және кәсіби даярлау. Ауылдың болашағы – жастардың қолында. Бүгінде көптеген жас
буын өкілдері тұрақты жұмыс пен лайықты табыс іздеп, туған ауылын тастап, ірі қалаларға көшуге мәжбүр. Бұл үрдісті
тоқтату үшін біз нақты жағдай жасауымыз керек. Жастардың туған жерінен жыраққа кетпей-ақ, сұранысқа ие кәсіп түрлерін
меңгеруіне қолдау көрсету қажет. Одан өзге жас отбасылардың туған жерінде тұрақтап, өз қабілеттерін жүзеге асырып,
баспаналы болып, бақуатты өмір сүруіне қолайлы орта қалыптастыру керек-ақ.
3. Ауыл инфрақұрылымын жақсарту және өмір сүру сапасын арттыру. Экономикалық өсім әрбір тұрғынның
күнделікті тұрмыс-тіршілігінен көрініс табуы қажет. Өндіріс пен кәсіпкерліктен түскен табыс пен инвестициялар ауылдың
әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталуы тиіс. Яғни осындай жұмыстар арқылы ауыл ішіндегі жолдарды жөндеу, көшелерді
жарықтандыру және абаттандыру жұмыстарын жүйелеу, кәсіпкерлер мен жергілікті қауымдастықтың күшін біріктіре отырып,
ауылдың тазалығы мен көркеюіне үлес қосу – мен назарда ұстайтын басты мәселе болмақ.
Құрметті жерлестер! Біздің ортақ мақсатымыз – жастардың ауылдан жұмыс іздеп кетуге мәжбүр болмауы, керісінше,
туған ауылына оралып, еңбек етіп, шаңырақ көтеріп, болашағын туған жерінде қалыптастыруына барлық жағдай жасау.
Бірлесе еңбек етіп, туған жерімізді бірге көркейтейік! 29 қараша күні мені қолдап, дауыс бересіздер деген үміттемін.
Республикалық бюджеттен сайлауға бөлінген қаражат есебінен төленді.