Әке, сені сағынбауға бола ма?
6 ViewsҚарсы тұрып келемін дауылдарға, Асып өтіп асуды жауындарда. Шарықтап кетсем дағы қанат қағып, Әке, өзіңізді бола ма сағынбауға? Әке, өзің кеткелі жасық өстім, Мейіріне…
Ж а қ ы н д а К ө г е р ш і н а у ы л ды қ
клубы жанынан құрылған «Балауса» би үйірмесінің «Би – жүректің үні» атты есептік концерті өтті. Кеш барысында үйірме мүшелері жыл
бойы меңгерген өнерлерін ортаға салып, көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Әрбір би қимылы ерекше
дайындықпен, әсем қимылмен және шынайы шабытпен
орындалды. Іс-шараның шымылдығын Көгершін ауылдық
округінің әкімі Ғабит Қартаңбаев пен Ақтоған шағын
орталықты орта мектебінің директоры Серік Айтбаев
сөз сөйлеп, ашып берді. Ауыл әкімі мен мектеп
директоры өз сөздерінде жас өнерпаздарға сәттілік
тілеп, олардың өнер жолындағы еңбектерін жоғары
бағалады. Ауыл әкімі үйірме жетекшісі Қарлығаш
Төреқұловаға және биші қыздарға Алғыс хаттар табыстады.
Есептік концерт барысында түрлі жанрдағы билерді
тамашалап, әсерлі әндерді тыңдаған ауыл халқы мен өнер
сүйер қауым ұйымдастырушыларға зор алғысын білдірді.
«ҚҰЛАН ТАҢЫ» АҚПАРАТ.