Әке, сені сағынбауға бола ма?
6 ViewsҚарсы тұрып келемін дауылдарға, Асып өтіп асуды жауындарда. Шарықтап кетсем дағы қанат қағып, Әке, өзіңізді бола ма сағынбауға? Әке, өзің кеткелі жасық өстім, Мейіріне…
Спорт – тек күш пен шеберліктің ғана емес, қайсар мінез бен темірдей тәртіптің мектебі. Қазақ күресі – халқымыздың ұлттық рухын, ерлік дәстүрі мен намысын ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп келе жатқан асыл мұра. Бүгінде осы ұлттық өнерді серік етіп, үлкен спортқа батыл қадам басып келе жатқан жас балуандардың бірі – МЕЙІРҚҰЛ ӘДІЛКЕРЕЙ НҰРПЕЙІСҰЛЫ.
Т.Рысқұлов ауданының жас спортшысы, қазіргі таңда Тараз «Парасат» жоғары колледжінің білімгері, Балалар
мен жасөспірімдердің туризм және
өлкетану орталығының түлегі Әділкерей
– қазақ күресіне ерекше ықыласпен
қарайтын, алдына биік мақсат қоя білген
жас балуан. Ол үшін күрес – жай ғана
спорт түрі емес, мінезді шыңдайтын,
төзімділікке тәрбиелейтін, жеңіске жету
жолында табандылық танытуға үйрететін өмір мектебі.
Балуан болу – белдесуде қарсыласты
жығумен ғана өлшенбейді. Оның артында күнделікті тынымсыз жаттығу мен маңдай тер, тәртіп пен сабыр және
өз-өзіңді жеңе білу қасиеті жатыр.
Әділкерей де осы жолды таңдаған
жас спортшы ретінде әр жаттығудан
тәжірибе жинап, шеберлігін шыңдауға
ұмтылады.
Қазақ күресінің басты ерекшелігі –
күш пен әдісті, ептілік пен ақылды қатар
талап етуінде. Ал нағыз балуанға тән қасиет – қарсыласына құрметпен қарап,
жеңіске адал еңбекпен жету. Осындай
спорттық ұстаным жас буынның
бойында қалыптасса, ұлттық спортымыздың болашағы да жарқын болмақ.
Әділкерейдің спорттағы жолы –
үлкен арманға бастар жол. «Жас барыс»
атанып, ел намысын қорғау, болашақта
әлемдік аренада көк байрағымызды
желбірету – жас балуанның биік
мұраты. Мұндай мақсатқа жету үшін
талантпен қатар табандылық, төзімділік
пен үздіксіз еңбек қажет екенін ол жақсы
түсінеді.
Жас спортшының жетістігі – тек
өзінің ғана емес, отбасының, жаттықтырушысының және туған жерінің
де ортақ қуанышы. Әсіресе ұлттық
спортқа бет бұрған әрбір жас – қазақ
күресінің өркендеуіне қосылған үлес.
Бүгінгі жас балуан – ертеңгі ел
мақтанышы. Әділкерейдің алға қойған
арманы асқақ, спорттағы қадамы нық
болсын. Туған жерінің абыройын асқақтатып, талай белесті бағындырып, қазақ күресінің даңқын әлемге
танытатын азамат болуына тілектеспіз.
Биіктен көрін, жас балуан! Сенің жеңісің – елдің мерейі, туған
жеріңнің мақтанышы!
Асира ТУРЛЫБАЕВА,
Балалар мен жасөспірімдердің туризм және өлкетану
орталығының педагогы.