ЖОЛДАУҒА ҚОЛДАУ

12 Views

Жолдау – ел дамуының жаңа
бағыты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев
өзінің дәстүрлі халыққа Жолдауын жариялады. «Жаңа тарихи
кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» деп аталатын
биылғы Жолдауда елімізді ауқымды жаңғырту мен цифрлық
трансформацияны жеделдетудің стратегиялық бағыттары
айқындалды. Президент экономикамыздың барлық саласына
жасанды интеллект пен озық цифрлық технологияларды батыл
енгізу, сол арқылы мемлекеттік басқару мен қызмет көрсетудің
тиімділігін арттыру міндетін алға қойды.
Сонымен бірге Мемлекет басшысы еліміздің көліклогистикалық әлеуетін күшейту мен инфрақұрылымды дамыту
мәселесіне ерекше тоқталды. Бұл ретте елімізде бірнеше
әуежайдың құрылысы қатар жүріп жатқаны – өңірлердің
дамуына тың серпін беретін тарихи қадам. Атап айтқанда,
Арқалық әуежайын қалпына келтіру жұмыстары аяқталып,
таяуда Зайсан, Қатонқарағай және Кендірлі әуежайлары іске
қосылмақ. Ал келесі жылы әлемдік ірі компанияларды тарта
отырып, елордамыз Астанада жаңа әуежайдың құрылысы
басталады. Бұл ауқымды жобалар ішкі туризмді өркендетуге,
өңірлер арасындағы байланысты нығайтып, Қазақстанның
Еуразиядағы басты авиациялық хабқа айналуына жол ашады.
Сондай-ақ, Жолдауда «Халықтық құрылыс» бағдарламасын
іске қосу, шағын және орта бизнесті қолдау, агроөнеркәсіп
кешенін өркендету мен халықтың табысын арттыру бағытында
нақты тапсырмалар берілді. Заң үстемдігін орнату мен
ұлттық бірлікті нығайту – Әділетті, Қуатты, Таза және Озық
Қазақстанды құрудың басты кепілі.
Жалпы Жолдаудың мазмұны да, мәні де ел егемендігін
нығайтып, халықтың әл-ауқатын
арттыруға бағытталған. Мемлекет
басшысы қойып отырған міндеттерді
жүзеге асыру – барша халық үшін
ортақ іс.
БЕЙСЕН ӘЛПЕЙІСОВ,
аудандық Қоғамдық
кеңестің төрағасы.

*   *    *

Болашаққа нық қадам басудың
айқын жолы

Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың халыққа
арнаған Жолдауында еліміздің әлеуметтік-экономикалық
дамуына тың серпін беретін нақты міндеттер қойылды. Әсіресе
макроэкономикалық тұрақтылық, инвестиция тарту, жаңа
технологияларды игеру және жасанды интеллект мүмкіндіктерін
пайдалану – Қазақстанды жаңа белестерге жетелейді.
Жолдауда халықтың тұрмысын жақсартуға, табысын арттыруға,
әлеуметтік әділеттілікті қамтамасыз етуге бағытталған бастамалар көптеп қамтылған. Бұл –
ел дамуының басты тірегі. Өз басым
Мемлекет басшысының бастамаларын
толық қолдаймын. Жолдау – болашаққа
нық қадам басудың айқын жолы.
Нұрлан БЫҚЫБАЕВ,
аудандық «Құлан таңы»
газетінің бас редакторы.

*   *   *

Жаңа дәуірдегі жастар мен
мәдениеттің өрісі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы «Жаңа
тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты
Жолдауында ел болашағын жасампаз жастармен және рухани
жаңғырумен байланыстырды. Өскелең ұрпақтың білімге,
ғылым мен жаңа технологияларға деген құштарлығы – Озық
Қазақстанды құрудың басты кепілі. Бүгінде қолға алынған
барлық ауқымды құрылыс пен цифрлық реформалардың
игілігін ертең осы жастар көреді.
Сонымен қатар Президент жасанды интеллект дәуірінде
ұлттық мәдениет пен өнерді дамытуға да айрықша мән берді.
Өңірлердегі мәдениет ошақтарының инфрақұрылымын
жаңартумен қатар, сала мамандарына заман талабына
бейімделу міндеті қойылды. Цифрлық мүмкіндіктерді тиімді пайдалану арқылы біз төл
мәдениетімізді жаңа деңгейге
көтеріп, әлемдік аренада кеңінен
таныта аламыз.
Жадыра АҚШАЛОВА,
Мэлс Өзбеков атындағы
аудандық мәдениет үйінің
әдіскері.

*    *    *

Елдік мұрат жолындағы ортақ
жауапкершілік

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа
тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты биылғы
Жолдауы – еліміздің болашақ даму бағдарын жаңа деңгейге
көтеретін маңызды стратегиялық құжат. Президент өз сөзінде
мемлекеттік басқару мен түрлі салалардың тиімділігін арттыру
үшін жасанды интеллект пен озық цифрлық шешімдерді
батыл енгізу қажеттігін шегелеп айтты. Алайда заманауи
технологиялар өздігінен нәтиже бермейді, оны жүйелі іске
асыратын білікті мамандар мен тың басқарушылық көзқарас
ауадай қажет.
Дәрігер ретінде мені Жолдаудағы денсаулық сақтау
саласына жасалған нақты қадамдар ерекше қуантты. Ел
аумағында қолға алынған ауқымды құрылыс жобалары
аясында 70-ке жуық жаңа медициналық мекеме бой көтеретіні
– халық саулығына салынған зор инвестиция. Бұл бастама
шалғайдағы ауыл тұрғындарына сапалы ем-домның қолжетімді
болуына жол ашады. Сонымен қатар алғашқы медициналық
көмек көрсететін учаскелік қызметкерлердің еңбекақысын
көтеру және аурудың алдын алуға басымдық беру туралы
тапсырмалар ақ халатты абзал жандарға деген үлкен қолдаудың
белгісі деп білемін.
Тәуелсіздігіміздің 35 жылдық мерейлі белесінде
жарияланған бұл Жолдау әрбір азаматты ортақ іске жұмылуға  шақырады. Айқын мақсат пен
нақты тетіктер белгіленді. Ендігі
міндет – жарияланған бастамаларды
күнделікті еңбегімізбен қолдап,
Әділетті әрі Озық Қазақстанды бірге
өркендету.
Раушан ЖҰМАНҚҰЛОВА,
аудандық Қоғамдық
кеңестің мүшесі.

*     *     *

Біз ел ертеңі үшін жұмыла
еңбек етуге тиіспіз

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың
Қазақстан халқына арнаған Жолдауында ел дамуының барлық
салаларына айрықша назар аударылды. Әсіресе халықтың
денсаулығын сақтау және ауылдық жерлердегі медициналық
қызмет сапасын арттыру бағытындағы бастамалар көпшіліктің
көңілінен шықты. Президенттің айтуынша, өңірлік деңгейде
сапалы медициналық қызмет қолжетімді болуы тиіс. Бұл – ел
азаматтарының өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған
маңызды әрі нақты қадам.
Сонымен қатар Жолдауда құқықтық реформаларға
басымдық берілгені де әділетті қоғам қалыптастыру жолындағы
маңызды бетбұрыс екені сөзсіз. Заңның үстемдігін қамтамасыз
ету және құқықтық мемлекетті нығайту – қоғамда сенім мен
тұрақтылықтың негізі. Мемлекет басшысы бұл мәселелерге
ерекше тоқталып, нақты тапсырмалар жүктеді.
Жалпы Жолдауда көтерілген әрбір мәселе – халықтың әлауқатын арттырып, әділетті әрі дамыған Қазақстанды құру жолындағы сенімді қадамдар. Біз, ел
азаматтары, бұл бастамалардың жүзеге
асуына үлес қосып, ел ертеңі үшін
жұмыла әрекет етуіміз қажет.
Назира АЛТАУОВА,
аудан әкімдігі ішкі саясат
бөлімінің сектор меңгерушісі.

*   *  *

Даму мен өрлеудің негізі

Жуырда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы
Тоқаев «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті
міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауын жолдады. Жаңа
Жолдауда Президент баршаңызға мәлім, бұқаралық спортты
дамытуға қатысты біршама өзекті мәселе қозғады. Оның ішінде
ел аумағында спорт нысандары бой көтеріп жатқандығы,
үйірмелер балаларға қолжетімді бола бастағандығы, ерекше
қажеттілігі бар азаматтарға және егде адамдарға арналған
спорт нысандары ашылып отырғандығы сөз болды. Сондай-ақ,
кәсіби спорт саласындағы оң өзгерістерді де айтты. Өз басым
Президенттің Жолдауын қолдаймын. Берекелі бірлігіміз болса,
біз алдыға қойған кез келген мақсатымызға жетеміз.

Азат МОЛДАЗОВ,
Жамбыл облысы әкімдігі
дене шынықтыру және спорт
басқармасының Т.Рысқұлов
ауданындағы №24 балалар мен
жасөспірімдер спорт мектебінің
оқу ісі жөніндегі орынбасары.

Поделиться ссылкой:

Добавить комментарий