Полиция қызметкеріне қатысты күш қолданғаны үшін жазаланды

3 Views

Тұрар Рысқұлов аудандық сотында Қазақстан Республикасының
Қылмыстық кодекстің 378-бабының
1-бөлігі, 380-бабының 3-бөлігімен
сотталушы А-ға қатысты іс қаралған.
2026 жылы 23 шілдеде сағат 01:30
уақыт шамасында Құлан ауылының
тұрғыны Г.-дан Т.Рысқұлов АПБнің 102 арнасына «Үйінің алдына
белгісіз адам келіп, балағат сөздер
айтып, түн тыныштығын бұзғандығы»
туралы түскен хабарлама бойынша түңгі кезекшілікте қызмет атқарып
жүрген полиция майоры Ж. мен полиция
капитаны Н. барған кезде, сотталушы
А. жәбірленуші билік өкілі Ж.-ға арнамысы мен қадір-қасиетін кемсіту
түрінде сөздерді айтып, өзінің оң
қолының жұдырығымен жәбірленушінің
оң жақ бет тұсынан бір мәрте ұрған.
Сот үкімімен А. ҚР ҚК-нің 378
-бабының 1-бөлігімен, 380-бабының
3-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған ҚР ҚК-нің 378-бабының 1-бөлігімен 40 (қырық) сағатқа қоғамдық жұмыстарға
тарту жазасы, ҚР ҚК-нің 380-бабының
3-бөлігімен екі жыл мерзімге бас
бостандығынан айыру жазасы, ҚР ҚКнің 58-бабының 2-бөлігін қолданып түпкілікті екі жылға бас бостандығынан
айыру жазасы тағайындалды.
Үкім заңды күшіне енген.
«Құлан таңы» ақпарат.

Поделиться ссылкой:

Добавить комментарий