ТӨТЕНШЕЛІКТЕР ТЫНЫМ ТАППАДЫ

1 308 Views

ТӨТЕНШЕЛІКТЕР ТЫНЫМ ТАППАДЫ

Жуырда республика бойынша «Өрт қауіпсіздігі күні» өтті. Аудандық төтенше жағдайлар бөлімі мен №10 өрт сөндіру бөлімі, аудан әкімдігінің қызметкерлері, аудандық газ шаруашылық мекемесі, электр желілерін тарату, орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемесі және «Жас Отан» жастар қанаты, бірнеше еріктілер тобымен бірігіп аудан көлеміндегі ауыл-аймақтарды аралап, тұрғындарға қауіпсіздік ережелері туралы үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, бірнеше мекемелер мен жастарды жинап, тұрғындарға қауіпсіздік ережелерін түсіндірумен қатар, жаднамалар таратқан бөлім қызметкерлері күні бойы тыным таппады.

Тұрғындарды су тасқыны кезіндегі жасалуы тиіс іс-әрекеттер, өрттің алдын алу, өрт тұтанған жағдайда жүргізілетін шаралар, газдан қорғану, пеш жағу кезінде сақталуы тиіс ережелермен таныстырып, егжей-тегжейлі түсіндірген олар қауіпсіздік ережелерін әсте естен шығармау қажеттігін айтты.

Аудан жұртшылығын қауіпсіздік ережелерімен таныстырған төтенше жағдайлар бөлімі аталған шараларды жасай отырып, тұрғындардың өмірі үшін алаңдайтындықтарын жеткізді.

С.РАХМЕТУЛЛАҚЫЗЫ.

Поделиться ссылкой: