ҚОҒАМДЫҚ КЕЛІСІМ МЕН ЭТНОСАРАЛЫҚ ТАТУЛЫҚ

790 Views

ҚОҒАМДЫҚ КЕЛІСІМ МЕН ЭТНОСАРАЛЫҚ ТАТУЛЫҚ

КӨГЕРШІНДЕ 18 ұлттың өкілі тұрады

Біздің көнекөз қарияларымыз «Жүзге бөлгеннің жүзі күйсін» деп отырушы еді. Осы сөздің Көгершін ауылында ғана емес бүкіл Қазақстанда тұратын өзге ұлттар мен ұлыстарға да қатысы бар ма деймін. Өйткені олар Қазақ жеріне тағдырдың басқа салған тауқыметімен келді ғой. Көгершінде 18 ұлттың өкілі тұрады. Олардың ішінде ең көбі орыстар – 253 жан. Украиндар – 36, түріктер – 27, татарлар – 35, чешендер – 16, қырғыздар – 11, өзбектер -9, ұйғырлар – 7, башқұрттар – 5, қарашайлар – 3, немістер-4, қарақалпақтар – 3, беларустар – 2, ал, балкар, курт, корей ұлтының бір-бір өкілі бар. Бір таң қаларлығы біздің ауылда хемчиди деген аз тараған ұлыстың бір өкілі тұрады.

Иә, «Жүзі басқа болса да жүрегі бір» халықтармыз ғой. Олардың арасында қазақпен қыз алысып қыз берісіп, құдандалы болып кеткендері де бар. Олардың ішіндегі мұсылмандары болса да ауыл мешітіне барады. Ал, өзге ұлт өкілдерінің барлығы да Ақтоған орыс-қазақ мектебіне балаларын оқуға беріп жүр. Бір беларус пен бір татар ұлтының өкілі ұлттар ассамблеясына мүше. Ал, ұлты түрік Дурсун Гуляшоглыны кәрие деп, қазақ та, басқа ұлттың өкілдері де құрметтеп, сыйлайды. Ол кісінің Алик есімді баласы кәсіпкер. Батыр Аналарымыз да бар. Мәселен, татар Нәзилә Фахрисламованың тоғыз, ал, түрік Гульбадар Бешиеваның жеті баласы бар.Олардың барлығы Ү к і м е т т е н ж ә р д е м а л ы п т ұ р а д ы . Ауданымыздың 80 жылдық торқалы тойы қарсаңында Луговой жылқы зауытының байырғы жүргізушісі В.Исаченков «Еңбек Даңқы» медалімен марапатталды.

«Бірлік – біздің басты ұранымыз». Міне, ұлттық мейрамымыз 22 Наурыз жақындап келеді. Этносаралық татулықтың шынайы көрінісі осы көктем мерекесінде анық байқалады. Түркітілдес халықтар түріктер мен қарашайлар, балкарлар мен башқұрттар. қарақалпақтар мен қырғыздар бұл күні ұлттық салт-дәстүрге сай киініп, наурыз көже жасап, «Ақ мол болсын!» айтып, бір-бірінің үйіне кіріп, дәмге шақырып, қауқылдасып қалады. Бұл мейрамға ұлты мен діні басқа орыстар мен украиндар да келеді. Осыны көріп жүрегің қуанады, Елбасы айтқан мәңгілік ел болудың алғы шарты осы татулық пен бірлік екеніне көзің анық жетеді. Иә, Көгершін көп ұлттардың отаны. Онда жүзі басқа болғанмен жүрегі бір ұлттар мен ұлыстар бір анадан туғандай тату-тәтті ғұмыр кешуде. Бұл – біздің басты байлығымыз.

Абай ТӨРЕҚҰЛОВ,

Көгершін ауылдық

округінің әкімі.

Поделиться ссылкой: