Сенбілік жұмыстарына қатысты
27 ViewsАуданда сенбілік жұмыстары жалғасуда. Өткен сенбіде аудан әкімі Ернар Есіркепов Құлан ауылының шығыс бөлігінде орналасқан көпқабатты тұрғын үйлер маңында тұрғындармен бірге тазалық жұмыстарына қатысты.…
КӨКДӨНЕНДЕ АҚПАРАТТЫҚ ОРТАЛЫҚ АШЫЛДЫ
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев 2018 жылдың 10 қаңтарында «Төртінші өнеркәсіп революция дамуындағы жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауын халық назарына ұсынған еді. Онда еліміз үшін маңызды бірнеше бастамалар қабылдаған болатын. Солардың ішінде «Цифрлы Қазақстан» кешенді бағдарламасы да бар. Бүгінде аталмыш бағдарлама аясында ауқымды жобалар қолға алынып, іске асырылуда.
Елбасы тапсырмасымен жуырда Көкдөнен ауылдық кітапханасы жанынан цифрландырылған ақпараттық орталық ашылды. Орталықты ашудағы басты мақсат – egov.kz электронды үкіметі арқылы тұрғындарға қажетті құжаттарын рәсімдеп беру. Атап айтар болсақ, орталықтан ауыл тұрғындары мекенжай анықтамасы мен сотталмағандығын растайтын құжат және тағы да басқа керекті мәліметтерді ала алады. Ақпарат орталығы соңғы үлгідегі компьютер және интернет желісімен жабдықталған.
Бұл – шалғайда жатқан ауыл тұрғындары үшін өте қолайлы, әрі уақыт үнемдеудің тиімді тәсілі. Себебі, енді бұрынғыдай керекті құжат алу үшін аудан орталығына барудың еш қажеті жоқ.
Б.МАХАМЕТКЕРІМОВ,
Көкдөнен ауылдық ардагерлер
алқасының төрағасы.