Тарихты дұрыс дәріптесек, ұтарымыз көп

746 Views

Тарихты дұрыс дәріптесек, ұтарымыз көп

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің «Ұлы даланың жеті қыры» атты публицистикалық мақаласында 1969 жылы Есік қорғанынан табылған, зерттеуші ғалымдар арасында «қазақстандық Тутанхамон» деген атқа ие болып кеткен «Алтын адам» жайында мынадай пайымды пікір білдірді.

«Бұл жауынгер талай тылсым құпияның бетін ашты. Біздің бабаларымыз әлі күнге дейін өзінің асқан көркемдігімен тамсандыратын аса жоғары деңгейдегі көркем дүниелер жасаған. Жауынгердің алтынмен апталған киімдері ежелгі шеберлердің алтын өңдеу техникасын жақсы меңгергенін аңғартады. Сонымен бірге, бұл жаңалық Дала өркениетінің зор қуаты мен эстетикасын әйгілейтін мифологияны паш етті. Дала халқы өз көсемдерін осылайша ұлықтап, оның мәртебесін күн секілді құдірет дең    гейіне көтеріп асқақтатқан. Қорымдағы сән-салтанатты жасау-жабдықтар ежелгі бабаларымыздың зияткерлік дәстүрлерінен де мол хабар береді. Жауынгерлердің жанынан табылған күміс кеселердің бірінде ойып жазылған таңбалар бар. Бұл – Орталық Азия аумағынан бұрын-соңды табылған жазу атаулының ішіндегі ең көнесі» деп жазды Президент өз мақаласында.

Құдайға шүкір, бүгінде Қазақ халқының мәдени дәстүрін бүкіл әлем жұртшылығы таныды. Әлемнің маңдайалды театрларында еліміздің тағылымы мол жәдігер туындылары сахналанып, шетел мамандарынан олардың басым көпшілігі жоғары бағаға ие болды. Біз, неліктен ел абыройын зеңгір көкке көтеретін бірегей сала — мәдениет деп жиі айтамыз. Мінеки, оның айқын дәлелі – осы. Әрине, бұл біріншіден, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың көреген көшбасшылығы болса, екіншіден, Елбасымыздың Ұлы Дала төсінде жүзеге асырып отырған сарабдал саясатының арқасы. Қарапайым мысал ретінде қарайықшы, көршілес елдердегі мәдениеттің дамуы қандай, Қазақстанда қалай? Салыстырмалы түрде байқасақ, біздің елде жоғары деңгейде ілгерілеу бар. Орта Азия елдері ішінде Қазақстанның көш бастап тұрғанын әлемдік қауымдастықта жақсы біледі. Біз, Тәуелсіздік алған осынау жылдар аралығында президенттік басқару жүйесі арқылы көптеген жетістіктерге қол жеткіздік. Бұған ешкімнің де күмәні болмауға тиіс. Естеріңізде болса, Азаттығымыздың 25 жылдығына арналған бәсірелі жиында Елбасы Тәуелсіз Қазақстан бағындырған белестерді мақтанышпен айтқан болатын. Қазақ елінің болашағы жарқын. Яғни, еліміздің дамушы мемлекет екенін ескеретін болсақ, алдағы жылдар еншісінде бұдан да асқақ шыңдарға жететініміз анық. Елдің дамуы алға қарай қадам бассын десек, әлемдік өркениетке көшпелі еліміздің төл тарихын дұрыс жағынан дәріптегеніміз жөн.

Марат ДИХАНБАЙ

Поделиться ссылкой: