Елбасы шешіміне халық риза

726 Views

Елбасы шешіміне халық риза

 «Нұр Отан» партиясының ХХVIII съезі – ел үшін тарихи оқиға. Еліміздің еңсесін тіктеген Тәуелсіздігіміз нығайып, ширек ғасырдан аст ам уақытта әлемдегі мәртебелі елдермен терезесі теңескен елімізде «Нұр Отан» партиясының алар орны ерекше. Алда атқарылатын жұмыс көп. Съезде Елбасы елде болып жатқан өзгерістерге жеке-жеке тоқталды. Ел экономикасын көтеру, әсіресе, халықтың әлеуметтік-тұрмысын арттыру керектігін баса айтты. Біз қазіргі уақытта өркендеуге қадам басқан елміз. Егер бәріміз жұмыла жұмыс істесек біз алмайтын қамал жоқ. Елдегі өзекті мәселелер оңтайлы шешімін табады деп сенемін.

Негізгі бастамалардың көпшілігі ауыл тұрғындарына арналған. Себебі, ең бірінші әлеуметтік қолдауға қатысты, көпбалалы аналарға арналған көмек түрлері нақтыланды. Көпшілігі ауылда тұрады. Елбасы көпбалалы аналарға арналған көмекті көбейту туралы нақты тапсырма берді. Оларға берілетін әлеуметтік көмек тағы да 30 пайызға көбейеді. Әрбір балаға жеке жеке есептеледі. Атаулы әлеуметтік көмек отбасындағы бала санына қарай төленеді. Жас отбасыларға мемлекет тарапынан арнайы қолдау көрсетіледі. Күнкөрістің төменгі деңгейі бойынша атаулы көмек көрсету шегін 70 пайызға арттыру арқылы табысы аз отбасыларды қолдау ауқымы ұлғаяды. Көпбалалы отбасылардағы әрбір балаға ең төменгі төлем 20 789 теңгені құрайды. Сонымен қатар, мүгедектігі бар балаларды тәрбиелейтін ата-аналарға, қамқоршыларға және отбасыларға берілетін жәрдемақы 30 пайызға артады. 2019-2021 жылдарда бұл шараларға 300 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінеді. Сондай-ақ, мемлекеттік қолдау көпбалалы отбасылардың ересек мүшелерін жұмыспен қамтамасыз етуді де қамтиды.

Елбасы, партия Төрағасы биыл әлеуметтік салаға республикалық бюджет шығынының 45 пайызы жұмсалатынын айтты. Бұл – әрдайым мұқият назар аударуды қажет ететін әлеуметтік саладағы бірқатар мәселелердің оң шешімін табуына жол ашары анық. Нұрсұлтан Әбішұлының халықтың әл-ауқатын жақсарту мақсатында Ұлттық қордан ақша бөлуі туралы қабылдаған шешіміне қарапайым халық разы екені даусыз.

Бүгінгі күні партия мүшелерінің алдында Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру міндеттері тұр. Отанымыз – Қазақстан Республикасын өркендету жолындағы ел Президенті – «Nur Otan» партиясы Төрағасының әлеуметтік және саяси реформалар жөніндегі бастамаларын жүзеге асыруда біз оның сенімді тірегі екенімізді нақты істермен, айқын нәтижемен дәлелдеуіміз керек.

Қ. АРЫСТАНБЕКОВ,

«Нұр Отан» партия аудандық

филиалы төрағасының орынбасары,

съезд делегаты.

Поделиться ссылкой: