Қазақтың «Амалы» – татулықтың қамалы
14 ViewsҚазақстанның батыс аймағындағы облыстар Көрісу мерекесін өте жоғары деңгейде атап өтеді. Бұл мерекеге оңтүстік өңірлердегі жұртшылықта ерекше ден қою үстінде. Онысы өте дұрыс деп…
Жақсылық жаса, сыйла адамды тік тұрып…
Қарақыстақ ауылдық округі әкімдігі қызметкерлерінің айтқан дерегіне сүйенсек, ауыл орталығының өзінде тұрмыстық жағдайға байланысты әлеуметтік аз қамтылған 10 отбасы мүшелері тұрады екен. 7 бала тәрбиелеп отырған Әсем Құрманова мен 10 баланы дүниеге әкелген Гүлнұр Ахметова ауылдағы әлеуметтік көмекке мұқтаж отбасылардың бірі деп айтуға болады. Өткен аптада аудандық электр жүйелерін тарату мекемесі басшысының орынбасары Бақытжан Момыналиев ұжымдағы әріптестерінің атынан тұрмысқа қажетті азық-түлік өнімдерін апарып, қос келіншекке рухани демеу көрсетті. «Дана халқымыз құстың мойны бос, жылқының белі бос, адамның көңілі бос»дейді. Неге десеңіз, құс қанша ұшса да қанаты емес, мойны талады. Жылқы қанша шапса да аяғы емес, белі талады. Ал адам қанша тасжүрек болса да көңілі босайды. Сол айтқандай, осы ауылдың тұрғыны ретінде менің де сіздерге жаным ашиды. Ешқашан жасымаңыздар. Көңілі дархан ақ пейілді жұртшылық барда сіздерге әрқашан көмек көрсетіледі. Яғни, жалғыз емессіздер» деді Бақытжан Момынжанов Әсем Құрмановамен өрбіген әңгіме үстінде.
«Тұңғышым ұл бала. Жасы 15-ке келді. Кішкентайым 3 жаста. Өкінішке орай, күйеуіммен дәм-тұзымыз жараспады. Заң жүзінде ажырастық. Ең бастысы, ұл-қыздарым аман болсын. Денсаулығымыз сыр бермесе болғаны. Мемлекет тарапынан алатын әлеуметтік жәрдемақының мөлшері — 15 500 теңге. Шүкір дейміз. Ауыл тұрғындары мен ағайын-туыстың арқасында өмір сүріп жатырмыз әйтеуір. Бұйыртса, бұл қиындықтарды да еңсерерміз. Бақытжан аға өзіңізге зор алғысымды білдіргім келеді» деді көз жасқа ерік берген жалғызбасты ана Гүлнұр Ертайқызы. Ал 10 баласы бар ауыл тұрғыны Гүлнұр Ахметованың отбасылық жағдайы бақуатты емес. Оның үстіне, жұбайы I топтағы мүгедек. Күйеуі 53 000 теңге зейнетақы алады. Шындап
келгенде, бұл ақша оның ем-домынан- ақ артылмайтынын іштеріңіз сезіп отырған болар, құрметті оқырман. Алайда, қырықтың қырқасынан асқан Гүлнұр ханым басқа түскен бұл ауыртпашылықтардың барлығы да өткінші екенін айтады.
«Шәкәрім Құдайбердіұлының «Адам баласына қолыңнан келсе, жақсылық қыл. Өйткені, жасаған жақсылығың алдыңнан шығады» деген сөзі бар. Бізге рухани жағынан қолдау көрсетіп жатқан Бақытжан ағама рахмет. Жергілікті тұрғындар мен Ораз Танкеев басқаратын ауыл әкімдігінің қызметкерлеріне де үлкен алғыс айтқым келеді. Алла барлығының отбасына амандық, дендеріне саулық берсін» дейді ол. Айта кетейік, аудандық электр жүйесі мекемесінің ұжымы қос әулеттің отбасына 1 қап ұн, 2 қап көмір, 300 келіден құрғақ ағаш, (жарылған) 50 келі картоп, 25 келі қант, 25 келі күріш, 10 келілік 5 қап макарон өнімдері, 15 литр сұйық май, 30 дана сабын және балалар жақсы көретін тәтті конфеттер сыйлады.
Марат ДИХАНБАЙ.