Құлан көгеріштеніп келеді

947 Views

Құлан көгеріштеніп келеді

Елдімекеннің көркейіп, көріктенуіне «Таза су — 2014» мемлекеттік коммуналдық мекемесінің қосып отырған үлесі өте зор. Ауылымыздың абаттануы бұрынғы аудан әкімі Абдалы Тоқбергенұлы Нұралиевтің (қазіргі

 сенат депутаты) қамқорлығынан басталды.

-Ол кісі ата-бабаларымыздың: «Артыңда мал қалғанша –тал қалсын» деген өсиетін мықтап ұстанған азамат болатын,- дейді «Таза су» мекемесінің басшысы Серік Сәлімбаев.- Сол ағамыздың бастамасымен Құлан ауылының батыс жағынан әдемі дендросаябақтың негізі қаланды. Қазір саябақта 8400 түп әртүрлі ағаш бар. Өзге құрлықтарда өсетін айва, каталга, айланд, арша мен шыршаның бірнеше түрлері, емен мен қарағай, қайың біздің мекенді жерсініп, өсіп тұр. Өткен 

 жылы саябақ жанындағы алма бағын да күтімімізге алдық. Онда 3700 түп алма ағашы бар. Бұл атақты «золотой превосход» алмасының тұқымы. Бақтың тамыр алғанына биыл сегіз жыл болады. Оның жемісінің дәмін бала бақшалардағы бүлдіршіндер татып жүр. Баққа бағбандар Ерлан Естаев пен Сейсен Нарбаев күтім жасайды. Қазіргі таңда қарамағымыздағы барлық дарақтар бұталды. Олар тау су көзінен және ұңғымадан секундына 120 литр су алады.

Мекемедегі 18 қызметші 250 түп қылқан жапырақты шырша көшетін Сұрапбай Жамбылов көшесі мен ауған соғысы ардагерлері аллеясына дейінгі Жібек жолы көшесі бойының екі жағына бірдей отырғызып та қойды. Олар әлі де 100 түп көшет отырғызады. Сонымен қатар көшелерге, скверлер мен алаңдарға, саябаққа гүлзарлар жасауды қолға алуда. Біз барған күні мекеме жұмысшылары тегіс сенбілікке шығыпты. Олардың арасында ұлыстың Ұлы күнін лайықты қарсы алуға шыққан Мұқан Үстенов, Берік Әлдеков, Жандар Сәбденбеков, тракторшылар Сәрсен Кенжебаев пен Ардақ Нұрманов, су таситын машинаны жүргізіп, жас көшеттерді үздіксіз суарумен айналысып жүрген Үмбет Перманов пен Еркін Қадыровтар бар. Бір сөзбен айтқанда, жасыл бақ жасаушылар 22 Наурыз мерекесін осындай игі істерімен қарсы алып отыр.

С.ҚОЖЕКЕ.

Суретте: мекеме басшысы Серік

Сәлімбаев пен шебер Азамат

Ботағараев дендросаябақта.

Поделиться ссылкой: