ОРАЗА ДЕГЕН НЕ?
57 ViewsОРАЗА ДЕГЕН НЕ? Ораза дегеніміз – белгілі бір уақыт ішіп-жеуден, нәпсілік қалаулардан тыйылу. Оразада ішіп-жеу және құмарлық сезімдерден сақтану – парыз. Оразаның уақыты –…
Көріктендіру және көгеріштендіру айлығы өтуде
Абаттандырылуда
Адамзат өмірінде табиғаттың алар орны үлкен. Қоршаған ортаны таза ұстау арқылы көптеген зиянды кесапаттардың алдын алатынымыз белгілі. Көктем – жер жаңарып, айналаны түрлендіретін жасыл-желектердің кезекті жаңа өмірі басталатын шақ. Сондықтан, бұл мезгілде атқарылатын жұмыстар да ауқымды. Осыған орай жылдағы дәстүрге сай аудан әкімдігінің 2019 жылдың 28 ақпанында шыққан №41қаулысына сәйкес ауданда 1 наурыз бен 30 сәуір аралығында көктемгі екі айлық көріктендіру, көгалдандыру, абаттандыру және санитарлық тазарту жұмыстарын ұйымдастыру туралы жоспары бекітілген еді. Аудан бойынша 2019 жылы жалпы абаттандыру және санитарлық тазалық жұмыстарына барлығы 43, 111 миллион теңге қарастырылып отыр. Абаттандыру-көгалдандыру жұмыстарына бөлінген қаржының 30, 111 миллион теңгесі бөлінсе, 13, 000 миллион теңге санитарлық тазарту жұмыстарына қарастырылған.
«Бір тал кессең, он тал ек» деген атадан қалған асыл сөз бар. Жоспар бойынша көктемгі екі айлықта егілетін тал-теректер саны 950 дана деп жоспарлануда. Оған қоса аудан көркін кіргізетін гүлзарлар мен көгалдарды орналастырып, арықтар мен каналдарды, көшелерді тазарту жұмыстары іске асырылуда. Сондай-ақ саябақтар мен скверлерді тазалау және көріктендіру, кездейсоқ күл-қоқыс орындарын тазалау жұмыстары қолға алынбақ.
16 наурыз «Алас күніне» орай аудан көлемінде жаппай сенбілік жұмыстары жүргізіліп, аудан халқы белсенділік танытты. Сенбілікке барлығы 847 адам қатысып, 13 техника күші жұмылдырылды. Ауылдық округ әкімдіктері мемлекеттік кәсіпорындармен бірлесіп, жоспарға сәйкес елдімекендер бойынша күл- қоқыстар тазаланды.
Тазалық жүргізу кезінде елдімекендерде ауқымы кең іс-шаралар әзірленіп, жүзеге асырылуда. Сонымен қатар, көлік және жаяу жүргіншілер жүретін жолдарды жөндеу, тұрғын үйлер мен қоғамдық ғимараттардың, жеке меншік үйлердің қасбеттерін жөндеп, жаңарту және көшелерде жарықтандыру мен жарнамаларды жаңарту бойынша тиімді жұмыстар жүргізілуде.
Нұршат ЕРСАЙЫН