Көкжөтел дегеніміз не?
43 ViewsЖоғарғы тыныс жолдарының шырышты қабығының зақымдалуымен және ауыр жөтелдің пайда болуымен сипатталатын жедел инфекция көкжөтел деп аталады. Көкжөтел — жоғарғы тыныс жолдарының шырышты қабығын…
Балабақша мен жастар орталығы ашылды
Қ а з а қ с т а н Р е с п у б л и к а с ы н ы ң Тұңғыш Президенті, Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев 2020 жылға дейін бүлдіршіндерді мектепке дейінгі білім беру мекемесімен қамту деңгейін 100 пайызға жеткізу қажетігін тапсырған болатын. Осыған байланысты қазір мемлекет пен жекеменшік әріптестік аясындағы жұмыстар жанданып, еліміздің әр өңірінде балабақшалар бой көтеруде. Ауданымыз бойынша бұл бағытта осы күнге дейін 8 ж е к е м е н ш і к б а л а б а қ ш а ашылып, тиісті жұмыстарын атқарып келеді. Бір сөзбен айтқанда, аудандық кәсіпкерлер мемлекет тарапынан берілген мүмкіндікті қалт жібермей, «Балапан» бағдарламасын жандандыруға өз үлестерін қосуда.
Ұлыстың ұлы күніне орай ауданда тағы бір бөбекжай- бақшасы ашылып, алғашқы тәрбиеленушілерін қарсы алды. Жеке кәсіпкер С е р і к б а й Д ә л і б а е в а ш қ а н « А z i z а » б ө б е к ж а й бақшасының меңгерушісі Амина Юлдашеваның айтуынша, бөбекжай 75 орынға арналған. «Мұнда бүлдіршіндер сан түрлі үйірмелерге қатысып, шығармашылық бағытта өздерін шыңдауға толықтай жағдай жасалған. Сонымен қатар, балабақшаға келушілерді арнайы мамандар спортқа баулитын болады. Бұл — балалардың тірек-қимыл қозғалысы мен спортқа деген көзқарасын өзгертетіне сенімдіміз» деп бөбекжайдың ерекшелігіне тоқталды.
Балабақша лентасын қию мәртебесі ауданның Құрметті азаматтары Санат Қырықбаев пен Қонысбек Сағымбековке бұйырды. Лента қию рәсімінен кейін кәсіпкер Серікбай Дәлібаев сөз сөйлеп, балабақшаның символикалық кілтін бөбекжай ұжымына тапсырып, жұмыстарына сәттілік тіледі.
Бұл аудан көлемінде бүлдіршіндерге есігін айқара ашып отырған 9 жекеменшік балабақша. Аудан басшылары алдағы уақытта тағы да дәл осындай 1 жекеменшік бөбекжайды ашуды көздеп отыр. Осылайша Елбасы бастамасымен қолға алынған бағдарлама 100 %-ға орындалмақ.
Мұнан бөлек ауданға қарасты Абай ауылдық округінде «Жастар жылына» орай жастар орталығы ашылды. Аталмыш ғимарат өткен жылы жекеменшік иелігінен аудандық бюджет қаржысына сатып алынған болатын. «Мұнда жастарға арналған спорттық үйірмелермен қатар шығармашылыққа баулу жұмыстары да жүргізілетін болады. Сонымен қатар, ауыл жастарына арналған әр түрлі семинарлар мен тренингтерді осында өткізуді жоспарлап отырмыз. Аталмыш орталық Наурыз мерекесі қарсаңында ауыл тұрғындарына арналған керемет сый болмақ» — деді ауыл әкімі Мұрат Арыстанбеков өз сөзінде.
Ашылу салтанаты барысында ауылда жастарға арналған орталықтың ашылғанына халық дән риза екенін байқадық. Сондықтан болар ауыл тұрғындары жұмылған жұдырықтай болып, ғимараттың маңайын тазалау, көгеріштендіру жұмыстарына да өз үлестерін қосыпты. Мәселен, ауыл мектебінде 20 жыл бұрын білім алған түлектер орталықтың маңына шырша талдарын отырғызса, жеке кәсіпкер, «Асау-Тілеміс» шаруа қожалығының басшысы Рәнза Шолжанбекова ауыл көлемінде ұйымдастырылған Наурыз мерекесінің өтуіне демеушілік жасап, ауыл тұрғындарын зор бақытқа бөлеген.
Жәнібек БАЗЫЛБЕКОВ.