Келелі жиын өтті
24 ViewsОсы аптада аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту және оған қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында жиын өтті. Аталмыш кездесуге Қазақстан Республикасының…
Жайнай бер, Қызылшаруам!
«Наурыз келді, жыл келді, Жаңарып дала түрленді». Иә, татулық пен бірліктің, береке мен молшылықтың символы болған көптен күткен Наурыз мерекесі де келді. Ертеден ерекше ілтипатқа ие көктем мен жаңаруды айшықтайтын айтулы мереке ауданымыздың түкпір-түкпірінде түрлі іс-шаралар, мерекелік концерттік бағдарламалармен атап өтілді. Соның бірі Қызылшаруа ауылында ауыл жастары мен ауылдық мәдениет, кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Құт қонып, қызыр дарыған, жайнай бер, Қызылшаруам» атты наурыз мерекесіне арналған ауқымды шара өтті. Ауыл тұрғындары алтыбақан құрып, әр көше киіз үй тігіп қыз ұзату, келін түсіру, бесікке салу, тұсау кесу, ерулік, қымызмұрындық сынды ежелден келе жатқан қазақтың салт-дәстүрлерінен көрініс қойып, қазылар тарапынан әділ бағаланды. Сондай-ақ «Жігер» тобы мен пародист Дәркен Есімбековтың қатысуымен көңілді концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.
Ауыл халқы бас қосқан дүбірлі жиынға басқа да көрші ауылдар мен ауданнан қонақтар келіп қатысып, ұлттық тағамдар мен наурыз көжеден дәм татты. Мерекелік той барысында футбол мен түрлі ұлттық ойындар: кір тасын көтеру, арқан тартыс, қазақша күрес және көкпар жарыс ұйымдастырылып, жеңімпаздарға теледидар, шаңсорғыш сынды бағалы сыйлықтармен қатар ақшалай сыйлықтар табыс етілді. Шара соңында мерекенің жоғары деңгейде атап өтілуіне зор үлес қосқан ауыл жастары арнайы жасатқан Қызылшаруа ауылының туын келесі жылы ұйымдастыратын жастарға табыстады.
Нұршат ЕРСАЙЫН.