Ақниет пен Құмарықта атқарылған тірлік көп
0 ViewsМемлекет басшысының №826 Жарлығына сәйкес, сәрсенбі күні аудан әкімі Ернар Есіркепов Ақниет ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті. Бұл 2025 жылға жоспарланған аудан әкімінің ең алғашқы…
Наурыз мейрамының алдында о р ы н а л ғ а н б а с т ы ж а ң а л ы қ т а р әлі күнге дейін халық арасында қызу талқыға салынуда. Солардың ішіндегі ең актуалды тақырыптардың бірі – Елбасымыз Н.Назарбаевтың өз өкілеттігін тоқтатып, ел тізгінін Сенат мәжілісінің төрағасы Қасым- Жомарт Тоқаевтың қолына ұстату болатын. Отыз жыл бойы ел мүддесіне қатысты ортақ мәселелерді ортаға салып, қарапайым халықты Тәуелсіз Қазақстанның жүйесіне ойыстыру оңай шаруа емістігін мойындауымыз қажет. Сонымен қатар, жаңа әрі жас мемлекетті аяғына тұрғызып, әлемдік аренада өз орнын ойып тұрып алуы да тікелей Елбасының қажырлы еңбегінің жемісі деп білеміз. Осы жылдар аралығында көп ұлтты мемлекеттің ынтымағын жарастырған тұңғыш Президентке қандай мақтау айтсақта жарасады.
Жуырда билік басындағылар Елбасы есімін тарихта қалдыру мақсатында Е у р а з и я ж ү р е г і н д е о р н а л а с қ а н а с т а н а м ы з д ы ң а т а у ы н Т ұ ң ғ ы ш Президентіміздің атымен атауды жөн деп тапты. Мұны талай жылдар бойы халқының қамын ойлаған кемеңгер Ұлы көшбасшымызға деген зор құрмет деп қабылдау керек. Осы бір жағымды жаңалықты халық жылы қабылдап, әр жерде қолдау мақсатында іс-шаралар ұйымдастырып, дұрыс әрі оңтайлы шешімдердің бірі деп есептеуде. Алайда, естеріңізде болса аталмыш идея 3-4 жыл бұрын халық қалаулыларының бастамасымен көтерілгені белгілі. Ескеретін бір жайт бар. Біз ел астанасын Тұңғыш Президенттің есімімен атаған бірінші мемлекет емеспіз. Мәселен, әлемдегі алпауыт мемлекеттердің бірі Америка Құрама Штаттарының астанасы тұңғыш президент Джорж
Вашингтонның есімімен әлі күнге дейін өзгермей аталып келеді. АҚШ- ты қиын кезеңнен Д.Вашингтон қалай алып шыққандығы тарихтан белгілі. Сондықтан да американдықтар тұңғыш президенттерінің есімін тарихта қалдыру мақсатында осындай қадамға барды. Одан бөлек Кеңес үкіметі кезінде Ленинград, Сталинград сынды қалалар да болғандығын жақсы білеміз. Сонымен қатар, Рим, Александрия, Валетта секілді қалалар мен Сан- Марино сынды шағын мемлекеттердің атауы сол елдің негізін қалаушылардың есімімен аталады.
Қаперімізде ұстанатын тағы да бір нәрсе бар. Астанамыздың атауы «Нұрсұлтан» емес, «Нұр-Сұлтан» деп бөлек жазылады. Демек, оны адам баласының есімі емес, негізгі атау ретінде де қарастыруға болады. Ендеше, «Нұр-Сұлтан» сөзінің де түпкі тамырына үңіліп көрелік. Қазақта «нұр» сөзі «күн сәулесінің нұры», «жүзі нұрлы» деген тіркестермен қатар қолданылып жатады. Ал, «сұлтан» сөзі «ханзада» сөзімен мағыналас болып келіп, «мынау нағыз жігіттің сұлтаны екен» деп ерекшелеп жатамыз. Бұдан «күн сәулесінің нұрына бөленген қалалардың сұлтаны» деген қорытынды шығаруға болатындай.
С о н ы м е н б ы л т ы р ғ а н а 2 0 жылдығын атап өткен Астана ендігі әрі Елбасымыздың есімімен аталатын болады. Ендеше «Астана» атауымен әлемге аты асқақтаған елордамыз ендігі кезекте жаңа «Нұр-Сұлтан» атауымен қайта жаңғырып, нұрланған әсем қалалардың біріне айналып, жер жүзіндегі астаналарының сұлтаны боларына кәміл сенімдіміз.
Жәнібек БАЗЫЛБЕКОВ.