«Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы аясында Студенттерге арналған электрондық қызмет көрсету орталығы ашылды

714 Views

 Жаһандану дәуірінің көшінен қалмау – уақыт талабы. Осы тұрғыда қабылданған «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы технологиялық тұрғыда дамуға қол жеткізеді. Адам капиталын жақсартуға және мемлекеттік қызмет көрсету жүйесін жетілдіруге бағытталған «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында 2019 жылдың 4 сәуірінде Құлан агротехникалық колледжінде «Студенттерге арналған электронды қызмет көрсету орталығы» ашылды. Электронды қызмет көрсету орталығының ашылу салтанатына Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы Р.Төлебаев, Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы басшысының орынбасары Т.Жамалов және Т.Рысқұлов ауданының әкімі Е.Садырқұлов қатысты.

Орталықтың негізгі мақсаты: студенттерді сергелдеңге салдырмау, электрондық форматта қызмет көрсетуге көшу жолымен оқу қызметінің процестерін ұйымдастыруды оңтайландыру, халыққа мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын арттыру, әкімшілік кедергілерді жою және мемлекеттік органдардың қызметіне халықтың сенімін арттыру.

Автоматтандырылған қызмет көрсету орталығында колледж қызметкерлері мен студенттер «egov.kz» жүйесінен алынатын анықтама және басқа құжаттарын бұрынғыша уақыт жоғалтып сандалмай, осы жерден керегінше қағаз немесе электронды түрде лезде ала алады.

Іс-шараға келген қонақтар автоматтандырылған қызметтермен танысып болған соң колледж жатақханасымен және жылыжай жұмысымен танысып колледж қызметкерлерінің жұмысына сәттілік тіледі.

Қазіргі таңда колледж қызметкерлері мен студенттер электрондық орталық қызметін кеңінен пайдалануда.

Гүлназ ИСАБАЕВА,

Құлан агротехникалық колледжінің

 кітапхана меңгерушісі.

Поделиться ссылкой: