Мұражайда ұлттық дәстүріміз дәріптелді

879 Views

Ұлттық құндылықтар мен тарихи жәдігерлердің бірден бір орыны – мұражай. Кешегімізді еске салатын тарихи жәдігерлеріміз бен ұлтымыз үшін қадірлі дүниелердің киесі болар сірә, мұнда аяғың тисе болғаны, сонау ғасырларға сапар шеккендей күй кешесің. Елбасымыз айтқандай, рухани жаңғыру кезеңінде мұражайды кие тұтқандардың бастамасымен жуырда облыстық «мұражай педагогикасы» байқауы жарияланған еді.

Байқау шарты бойынша, арнайы тағайындалған төрешілер әр аудандағы мұражайға барып, ондағы үміткерлердің тәжірибесіне көз жеткізеді. 19 сәуір күні аудандық мұражайда аталған байқау аясында арнайы іс-шара өтті. Яғни, байқаудың басты шарты – ұлттық құндылықтарды дәріптеу, сонымен бірге, бағдарлама міндетті түрде мұражайда өтіуі тиіс. Ауданымыздағы балалар мен жасөспірімдер орталығы ұйымдастырған шарада орталық қызметкерлері мен тәрбиеленушілері бірігіп, қазақтың ұлттық өнері, салт-дәстүрінен сыр шертетін арнайы бағдарлама дайындаған. Байқауға облыстық мектеп олимпиадалары және мектептен тыс іс-шараларды өткізу орталығының әдіскері Ольга Александровна Сагандыкова, қ о с ы м ш а б і л і м бе ру п ед а го г ы , суретші Елена Николаевна Халевич және Байзақ аудандық балалар мен жасөспірімдер орталығы директорының орынбасары Ерік Серікұлы Баятов қазылық етті. Алдымен облыстан келген қонақтарды қарсы алу үшін аталған орталық тәрбиеленушілері флешмоб биледі. Мұражайда скрапбунг пен ұлттық ойыншықтар көрмесі ұйымдастырылған. Бағдарлама қазақтың салт-дәстүрінен үзінді көрсетуден басталды. Мұнда тұсаукесер дәстүрі жасалып, күйшілер қазақтың қара домбырасын қолына алып, күй шертті. Кейін мұражай педагогикасы ретінде «Айша бибі» аңызы жайлы интерактивті сабақ өткізіліп, аңызға сай балалар мен жасөспірімдер орталығының оқушылары театрландырылған көрініс көрсетті. Сондай-ақ, байқаудың жол нұсқаушыларға арналған бөлімінде кесененің тарихы мен жай-жапсары с ө з е т і л д і . О с ы д а н с о ң б а й қ ау ұлттық ойындар арқылы жалғасын тапты. Облыстан келген қонақтар ауданымыздағы жасөспірімдердің өнеріне сүйсініп, ұйымдастырушыларға оң бағасын берді.

С.ҚАРАСАЙ

Поделиться ссылкой: