Ономастикалық жұмысшы топ отырысы өтті

742 Views

Жуырда аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің жұмыс жоспарына сәйкес аудан әкімінің орынбасары Бейсенбек Әлпейісовтың төрағалығымен Т.Рысқұлов аудан әкімдігі жанындағы ономастикалық жұмысшы топтың І тоқс андағы отырысы өтті.

Өңіріміздің ономастикалық ахуалын жақс арту мен бақылауда ұст ауға бағытталған бұл жұмысшы топ отырысында бірінші мәселе бойынша мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы, жұмысшы топтың хатшысы Ренат Сартаев Т.Рысқұлов ауданындағы 15 ауылдық округ, 43 елді мекенде орналасқан мейрамхана, ас үйлер мен қонақүйлер, сондай-ақ, сауда нысандарының халыққа қызмет көрсету барысында Қазақстан Республикасының «Тіл туралы», «Жарнама туралы» Заңдарының орындалуын (сақтауын) бақылау үшін жүргізілген зерделеу жұмыстарының қорытындысын баяндады. Баяндама барысында Ренат Қанатұлы 250 нысан қамтылып, 58 кемшілік анықталғанын, кемшілік анықталған нысандарға заң талаптары жазылған үн парақтары таратылып, әдістемелік көмек көрсетілгенін жеткізді.

Күн тәртібіндегі екінші мәселеде облыс әкімі Асқар Мырзахметовтың «2019 жылы облыс бойынша көшелер 100% жаңа үлгідегі аншлагпен қамтылуы тиіс» деген тапсырмасының аудан аумағында орындалу барысы қаралды.

Қазіргі таңда ауданда 351 көше болса, жаңа үлгідегі аншлагтармен қамтылғаны 255 көше екен. Жұмысшы топтың төрағасы Бейсенбек Әлпейісов 2019 жылы халық санағы жүргізілетіне байланысты тақтайшайларды толық іліп үлгермеген ауылдық округ әкімдеріне ІІ тоқсан аяқталғанша 100% орындауға тапсырма жүктеді.

«Құлан таңы» ақпарат

Поделиться ссылкой: