Татулық -ұжымның айнымас серігі
СУРЕТТЕ: аудандық орталық аурухананың бас дәрігері
Шындос Мырзалиев әріптестерімен бірге.
Бүгінгі таңда аудандық орталық ауруханада еңбек ететін ақ халатты абзал жандардың 13-і өзге ұлт өкілдері. Оның ішінде ұзақ жылдар бойы өз ісіне жауапкершілікпен қарап, жүйелі жұмыс жасап келе жатқан Ирина Малышкина мен Наталья Парфенованың еселі еңбегін айрықша айтқымыз келеді. Бірлік мерекесі қарсаңында аурухананың бас дәрігері Шындос Мырзалиев ұжымдағы әріптестерін құттықтап, жылы лебізін білдірді. Өз сөзінде Шындос Кершайызұлы ықылым заманда болған тарихи жайттарды сөз етіп, ұжымдағы әріптестеріне зор денсаулық тіледі.