АУДАНДЫҚ АҚЫНДАР АЙТЫСЫ

805 Views

Өткен жұма күні Мэльс Өзбеков атындағы мәдениет Үйінде «Өнер алды қы

зыл тіл» атты жас ақындардың аудандық байқауы болып өтті. Суырыпсалма ақындардың мамыр мерекесі алдындағы айтысы рухани жаңғыру аясында өтіп, тіл мәселесін, салт-дәстүр мен әдет-ғұрып туралы өрелі тақырыпты қозғады. Төрешілер де осы талапқа жауап бере алған ақындарды ақтық айтысқа шығарды.

Нәтижесінде баспадан тұңғыш кітабы жарық көргелі отырған Әлихан Бөкейханов атындағы орта мектептің 11 сынып оқушысы Нұркерім Нұрлан бас жүлдені жеңіп алды. Бұған дейін облыстық айтыстарға қатысып, жүлдемен оралып жүрген Тұрар Рысқұлов атындағы орта мектептің оқушысы Жансая Сәрсембаева бұл жолы қарсыласы Н.Нұркерімге жол  беріп, өзі жүлделі бірінші орынды місе тұтты. Айтыста Әбжапар ауылынан келген Нұртөре Жорабек екінші, ал, Ақбота Есіркеп үшінші орындарды бөлісті.

Р.САРТАЕВ.

Поделиться ссылкой: