Ел болашағы – әрқайсымыздың қолымызда
36 ViewsКеше ел азаматтары Атом электр станциясын салуға қатысты жалпыхалықтық референдумға қатысып, өз таңдауларын жасауда. Жалпы бұл еліміз тәуелсіздік алғалы өтіп жатқан төртінші референдум. Өзім…
Ілгеріде бір таксиге отырдым. Шопыры жасы алпысты алқымдап қалған егделеу кісі екен. Айтуынша кездескен адамға, жолыққан жанға жақсылық жасағанды ұнатады. Жарты сағаттық жол жүріп, көліктен түскенімше кімге қандай жақсылық жасап, кімнен қандай зәбір көргенін жіпке тізіп шықты. Сөз ауанынан өзінен өзге жақсы адам жоқтай көрінді.
«Жақсылық қылсаң жасыр, жақсылық көрсең асыр» деуші еді көнекөз қарттар. Қазір, керісінше жақсылық көрсек жасырып, жақсылық қылсақ асыратын болдық. Таксидегі оқиға мысал ғана. Әйтпесе, бәріміз де сондаймыз. Әлеуметтік желілерде ұлардай шулап, жасаған жақсылығымызды жарысы жазып жатырмыз. Сондағымыз бір қарияның қорасын тазалап, құшақтасып суретке түсіп қайтамыз. Сурет жақсылық жасағанымыздың куәсі. Кімді алдаймыз.
Мереке ЕРЖАНҰЛЫ.