Игі істің басына – жақсы келер қасына
27 ViewsҚазақта «Игі істің басына – жақсы келер қасына» деген қанатты сөз бар. Ауылымызда қашанда игі бастамаларды қолға алып, көпшіліктің құрмет-қошеметіне ие болып жүрген азаматтар…
Кезектен тыс Президент сайлауы өз мәресіне жетті. Халық өз таңдауын жасады. Бұл біздің қазақстандықтар үшін отыз жылдан кейінгі демократиялық таңдаудың жемісі дер едім. Сайлауға көппартиялы топтар қатысқандықтан болар тартысты өтті. Өйткені бұл топтың ішінде оппозиция өкілдері де болды ғой. Біз барлық президенттікке кандидаттардың өмірбаянымен және сайлауалды бағдарламаларымен жете танысуға мүмкіндік алдық. Халық ішінде Ә.Қосановты қолдаушылар да болды. Сайлау қорытындысы бойынша оған сайлаушылардың он бес пайыздан астамы дауыс бергенін кейін білдік. Бұл да демократияның жемісі деу керек.
Мен өзім зейнеттегі адаммын. Қасым-Жомарт Тоқаев басқарып отырған Үкімет зейнеткерлер мен көп балалы отбасына көп жәрдемін тигізді. Бюджеттік мекемелердегі табысы төмен қызметшілердің де жалақысын көтерді. Оның үстіне бұған дейін елімізде тұрақтылық сақталып келгенін Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың еңбегі дер едім. Ал, Тоқаев болса кемеңгер саясаткер әрі «Нұр Отан» партиясының білгір көшбасшысының бастаған ісін одан әрі қарай жалғастырып келе жатқан бірден бір адам болатын. Сондықтан да біз өз отбасымызбен түгелдей дерлік Қ.Тоқаевқа дауыс бердік. Айтайын дегенім, Президент Қасым Жомарт Тоқаевтың елді басқарып отырған кезінде мен ұлттық «Мерейлі отбасы» байқауының екінші кезеңінде бас жүлдеге ие болдым. Бұл байқау менің отбасыма үлкен қуаныш әкелді. Мен бүгінгі Үкіметтің жүргізіп отырған саясатын қолдаймын. Тоқаев ел басқаруға нағыз лайықты кандидат болатын. Ол кісі еліміздің ішкі және сыртқы саясатын терең меңгерген білімді де білікті адам. Сондықтан мен оған сенемін. Оның алдағы уақытта да еліміздің халқының әл-ауқатын көтеруге көп жұмсайды деп ойлаймын.
Бекқұлы Әлі, Республикалық ұлттық «Мерейлі отбасы» облыстық байқауының жеңімпазы, ауданның Құрметті азаматы, тарихшы-өлкетанушы, зейнеткер.