Тергеу ісіндегі тегеуірінділік

796 Views

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапа­сын арттыру» атты Жол­дауында құқық қорғау қызметкерлерінің жұ­мысына сапалы өзге­рістер керек екендігін жеткізген еді. Ол өз сө­зінде: «Қауіпсіздік тұр­мыс сапасының ажы­рамас бөлігі болып са­­на­лады. Бүгінгі қо­ғам құ­қық қорғау орган­да­ры­ның, ең алды­мен, поли­ция жұмысының түбегейлі жақса­руын күтіп отыр. Азаматтар санасында полицейлер жазалаушы емес, керісінше, қиын жағдайда көмек көрсетуші деген түсінік орнығуы ке­рек» — деген болатын. Иә, осы өсиет­­ті аудандық ішкі істер бөлімі­нің қыз­мет­керлері қаперінде мықтап ұста­нып келеді. Солардың бірі, аудандық ішкі істер бөлімі бастығының тергеу ісі жөніндегі орынбасары — Асхат Бақбергенов.

Бүгінде Асхат Жамбылұлы жас болса да тергеу бөлімінің басшысы болып қызмет етіп жүр. Ол: «Мен 2000 жылы Оңтүстік Қазақстан облы­сын­дағы Шымкент Заң колледжін бітіріп, жоға­ры білім алу үшін Тараз қаласындағы Қожа Ахмет Иассауи атындағы Университет­ке оқуға түстім. Аталмыш білім ордасын 2007 жылы тәмамдап, алғашқы еңбек жолымды Тараз қаласындағы №3 полиция бөлі­мінде бастаған болатынмын. Кейін­­нен облыстық полиция департа­ментін­де біраз жыл қызмет атқарып, 2016 жы­лы осы ауданға келдім. Қазіргі таңда ау­дандық ішкі істер бөлімі бастығының тергеу ісі жөніндегі орынбасары әрі тергеу бөлімінің басшысы болып қызмет атқарудамын. Біздің бөлім тергеу, орын алған заң бұзушылықтың себебін анық­таумен айналысады. Сонымен қатар, сотқа дейінгі жүргізілетін тергеу-тексеру жұмыстары да бізге жүктел­ген. Өздеріңіз білетіндей қазіргі таңда  сотқа дейінгі тексеру жұмыстары электронды түрде жүргізіледі. Жалпы тергеу сапасын, азаматтардың заң шеңберіндегі құқықтарының бұзы­­луын болдырмау, заңсыз айып тақпау, заңсыз азаматтарды ұстау, жемқорлыққа жол бермеу сынды жұмыс­­тарды бақылауда ұстау — біздің басты міндетіміз».

Асхат Жамбылұлы жетек­шілік ететін бөлімде бес тергеуші, екі анық­тау­шы қызмет атқарады. Олар шектеу­лі уақыт аралығында қылмыстың жай-жап­сарын анықтау, тексеру, тергеу жұмыстарымен айналысады. Атқа­рып отырған қызметтері де са­па­лы. Өткен жылмен салыстырғанда қыл­мыс­ көрсеткіші 15 пайызға азай­ған. «Бү­гін­де аудан бойынша заң бұзу­шы­лық фактілері де кеміп келеді. Деген­мен, қазіргі таңда өршіп тұрған қыл­мыстың бірі – мал ұрлығы. Біздің бөлім аталмыш қылмысты болдырмау мақса­тында тұрғындарға түсіндіру және ақпараттандыру жұмыстарын қар­қынды түрде жүгізуде. Турасын айт­қанда төрт түлікті қараусыз қал­дыр­­­мау, қора-қопсының берік бо­луын қам­та­масыз ету керектігін түсін­діру­деміз. Бұдан бөлек біздің ауданда адам денесіне қасақана зақым келтіру қыл­мыстары да кездеседі. Бірақ, оларды дер кезінде ашу, тергеп-тексеру сапа­лы түрде жүргізілуде. Себебі, бізге жүк­­­телген жауапкершілік өте жоғары екен­­­дігін анық білеміз» — деп өз сөзін қоры­­­тындылады Асхат.

Ашық әңгімелесу барысында кей­іпкеріміздің өз ісіне адал, қызметіне асқан жауапкершілікпен қарайтын аза­мат екенін аңғардық. Біз қоғам ты­ныш­тығының берік сақталуына үлес қосып жүрген Асхат Жамбылұлының жұмысына толағай табыс тілейміз.

Поделиться ссылкой: