Қарт ананы құттықтады
34 ViewsЖурналистика – жүрекке салмақ салатын мамандық. Неше түрлі кейіпкерлермен тілдесесің. Бірінде қуанасың, енді бірінде кейбір адамдарға қолдың қысқалығынан көмектесе алмай, «өзіңді-өзің жейтін» сәттер көп…
Қайырымдылық – ақшамен өлшенбейді. Әттең, кей жағдайда осыны ескере бермейміз. Шыны керек, қазіргі қоғамда адам баласы бір ауыз жылы сөзге зәру. «Қарға екеш қарға да өз балапанын аппағым» демеуші ме еді. Сондықтан ақын Сабыр Адайдың «Әр қазақ менің жалғызым» дегенін ескеріп, бір-бірімізге қамқор болып жүруді ұмытпайықшы, ардақты ағайын.
Конституция және білім күніне орай Құлан ауылдық округі әкімі аппаратының ұйымдастыруымен «Сұлутөр» кинотеатрында ілкімді шара өтті. Мерекелік іс-шарада округ әкімі Мұрат Иманбаев жұқамыр жүректен шыққан ақ ниетін білдіріп, қайырымдылық турасында өнегелі сөз өрбітті. Шын көңілмен берілген сыйлықтың өзіндік құны қашан да жоғары болады емес пе? Осынау қос мереке қарсаңында елеп-ескеріп, қамқорлық көрсеткен Құлан ауылдық округі әкімі аппаратының ұжымына балалардан бөлек, олардың ата-аналары да шексіз ризашылықтарын жеткізді. Ал, округ әкімшілігіне демеушілік жасап, балалардың қуанышы үшін азаматтық келбетін ұқтырған Құлан ауылдық ақсақалдар алқасының төрағасы Берік Әліпбаев, «Таза Су – 2014» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының басшысы Серік Сәлімбаев және «Жарық» құрылыс компаниясының директоры Азат Көпбаровтың есімдерін айрықша атап өткеніміз абзал. Себебі, аты аталған жомарт жандардың қаржылай қолдауының арқасында 50 балаға сөмкелер мен мектепке қажетті құрал-жабдықтар және ауылдық округтегі жалғыз ілікті қарт ата-апаларымызға да арнайы сыйлықтар табыс етілді.
Марат Жолдасбекұлы.