Нардың жүгін көтерген…

790 Views

Темір жол еліміздегі ең маңызды сала­лардың бірі. Қазіргі заманда темір жолсыз тауар тасымалын, адам қатынасын елес­те­ту мүмкін емес. Ал, осы темір жолда қан­ша адам жылдар бойы еңбектеніп, осы саланы алға сүйреп келеді. Солардың қа­тарына өз тағдырын темір жолман байланыстырып, қырық жылға жуық уақыттан бері осы салада қажырлы ең­бек етіп келе жатқан Лугавой рельс дә­не­керлеу кәсіпорнының бас инженері Тұрғынбек Қожабекұлы Әденовты айту­ға болады. Тұрғынбек Қожабекұлы Әденов 1956 жылы 16 шіл­деде Жамбыл облысы, Шу стансасында дүниеге келген. Бал дәуренге толы балалық шағын, өзінің көп қатарластарындай өткізіп, орта мектепті және жоғары оқу орнын аяқтаған соң бойындағы туа біткен ерік жігер оты, еңбекке деген ұмтылысы оны алғашқы еңбек жолының қаланған жері Маңғыстау облысы, Қаратоғай элеваторы директорының орынбасары қызметіне әкелді. 1981 жылы теміржолшы болсам деген бала күнгі арманын №64 Бірлік стансасында жол машиналарының инженер технологы болып орындады. Осы аталған стансада1996 жылдың сәуіріне дейін колонна бастығы, звено жинақтау базасының бастығы лауазымдарымен жалғастырды. 1996 жылдың 18 сәуірінен 1998 жылдың шілдесі аралығында «ҚТЖ» АҚ» филиалының «Лугавой рельс дәнекерлеу» кәсіпорнында басшылық қызметінде болды. Сол кезеңнен осы уақытқа дейін аталған мекеменің бас инженері лауазымын атқарды. «Қазақстан темір жолы» Ұлттық Комппаниясы» Ашық Қоғамының сала жұмысындағы қауіпсіздікті сақтау бағытында жүргізіп отырған кешенді іс-шаралар бағдарла­ма­сын Тұрғынбек Қожабекұлы Әденов бас­шылыққа ала отырып жұмыс жүргізді. Ол кә­сіпорынның әрбір шаруашылық поез­дар қозғалысы қауіпсіздігін арттыруға, құрал-жабдық, ғимараттар мен құрылымдарды сапалы жөндеу және күтіп ұстауға, еңбек қорғау, еңбек қауіпсіздігі мәселеле­ріне ерек­ше көңіл бөлді. Қауіпсіздікті бақы­лауға алып, қатаң талап қоя білуінің нәтиже­сінде ұжым өндірісте апатты оқиғаларға жол бермей, жемісті еңбек етіп келеді.
Халық үшін нар жүгін көтергендей аян­бай еңбек еткен Тұрғынбек Қожабекұлы бүгінгі күн­де зейнеттік жасқа шығып отыр. «Луговой рельс дәнекерлеу» кәсіпорын ұжы­мының директоры Бахтияр Жұмабекұлы Түлеков жаны жайсаң жақсы ағаны осынау құрметті зейнетке шығуымен құттық­тап, астына ат мінгізіп, үстіне шапан жапты. Кәсіпорын ұжымы­ның жастары сол кісінің ізгі қасиетте­рін бойларына жинақтап, еңбек жолын ары қарай алып жүріп, мекеменің үзіліс­сіз еңбегінің толастамауы үшін тер төге­тін­діктеріне сенгіміз келеді.

Толқын Шаяхметова,
Лугавой рельс дәнекерлеу кәсіпорнының хатшысы.

Поделиться ссылкой: