Ботулизмнің алдын алу
32 ViewsБотулизм – жалпы организмнің улануына әкеліп соғатын инфекциялық аупу түрі. Ботулизм – Clostridium botulinum бөліп шығаратын улы затпен (токсин) бүлінген, ластанған тамақтан жұғады, токсин…
Жуырда Әлихан Бөкейханов атындағы орта мектептің денешынықтыру пәнінің мұғалімі әрі №1 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің жаттықтырушысы Ахмет Молдашевтан тәлім алатын Ардақ Жекен мен Нұрхан Сапар Алматы қаласында жағажай волейболынан өткен 2006-2007 жылғы жасөспірімдер арасындағы ел чемпионатында өнер көрсетіп, жүлделі III орынға ие болды. Бұдан бөлек, дәл осы спорт түрінен ел кубогінде де бақ сынаған құландық қос өрен мақтанышпен айтарлықтай нәтижеге қол жеткізді. Олар ел кубогі үшін болған жарыста топқа түскен қарсыластарын қапы қалдырып, жүлделі I орынды жеңіп алды. Зерделеп отырсақ, бұрын-соңды аудан спортының тарихында бұндай жетістік болмаған екен.
Марат Аятберген.