Наурыз көже – ынтымақтың дәнекері
18 ViewsНаурыз мерекесінің басты тағамы – «Наурыз көже» екені мұқым қазаққа белгілі. Негізінде, «Наурыз көженің» тарихы туралы ел ішінде көптеген деректер айтылады. Шағын ғана мақаламда…
Өткен аптада Мэлс Өзбеков атындағы аудандық мәдениет үйінде «Үздік бастауыш партия ұйымы – 2019» республикалық байқауының аудандық кезеңі болып өтті. Биыл 5 мәрте ұйымдастырылып отырған аталмыш байқауды аудан әкімі «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының төрағасы Ерболат Садырқұлов ашып берді.
Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев төрағалық ететін «Нұр Отан» партиясы еліміздегі беделі зор жетекші саяси ұйымның бірегейі. Барлықтарыңызға белгілі, партияның құрылғанына биыл – 20 жыл толып отыр. «Нұр Отан» осы жылдар ішінде көптеген бастамаларға себепші болып, халықтық партияға айналды. Бүгінгі ұйымдастырылып отырған «Үздік бастауыш партия ұйымы — 2019» байқауы бұл сөзімнің нақты көрінісі деп ойлаймын. Байқаудың мақсаты – бастауыш партия ұйымдарының қоғамдағы белсенді позициясын қалыптастыру мен ішкіпартиялық жұмыстарға жаңаша сипат беруге бағыттау болып табылады» дей келіп, байқау қатысушыларына сәттілік тіледі. Содан соң сөз сөйлеген «Нұр Отан» партиясы Жамбыл облыстық филиалы ұйымдастыру – бақылау жұмысы бөлімінің консультанты Қырғызәлі Тілеуов:– Бұл байқаудың негізгі міндеті – үздік бастауыш партия ұйымдарын анықтау және олардың озық жұмыс тәжірибесін басқа да бастауыш партия ұйымдарына таратумен ерекшеленеді. Жалпы, осы арада облысымыздың бастауыш партия ұйымдары республикалық кезеңде ауыз толтырып айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізіп келеді. Мәселен, 2015 жылы өткізілген осы байқаудың республикалық кезеңінде Талас ауданының «Аққұм» бастауыш партия ұйымы партия мүшелерінің саны 100-ге дейінгі ұйымдары арасынан бас жүлде еншіледі. Ал, 2016 жылы аталмыш байқаудың республикалық кезеңінде 500-ге дейін мүшесі бар партия бастауыш ұйымдары арасында Жуалы ауданындағы «Орталық» бастауыш партия ұйымы жеңімпаз атанған болатын. Сонымен қатар, Тараз қаласындағы «АрайСтройМаркет – 2003», Сарысу ауданындағы «Қаратау», «Өндіріс» және Байзақ ауданындағы «Жарық тарату» бастауыш партия ұйымдары арнайы дипломдармен марапатталды. Бүгінгі байқаудан үздік деп танылған бастауыш партия ұйымы осы санатты толықтырып, облыстық, республикалық кезеңдерде жоғары нәтиже көрсетеді деген үміттемін», — деді.Әділ қазылар алқасы партиялық жобаларды іске асыруға қатысу, ішкіпартиялық жұмыс, партиялық жұмыста жаңа әдістерді пайдалану, азаматтық бастамаларды іске асыру, бастауыш партия ұйымы қызметін бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау, жастармен жұмыс, бастауыш партия ұйымы жетекшісін бағалауға негізделген тапсырма сынды 7 критерий бойынша байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлерін анықтады. Нәтижесінде 100-ге дейінгі ұйымдар арасында жүлделі III және II орынға Б.Әбләзімов пен Д.Бұламбаев жетекшілік жасайтын «Қорағаты», «Жарлысу» бастауыш партия ұйымдарының атқарған жұмыстары лайық деп танылды. Ал Ә.Әмреев төрағалық ететін «Әбілхайыр» бастауыш партия ұйымы I санат бойынша үздік шықты. 500-ге дейінгі ұйымдар арасында Р.Жаңабердиева мен Г.Момбекова жетекшілік жасайтын «Құмарық» және «Станция» бастауыш партия ұйымдарының жұмысын қазылар алқасы жүлделі III және II орындарға лайық деп тапты. Ал бұл санатта М.Айнақұлов төрағалық ететін «Қарақат» бастауыш партия ұйымы жеңімпаз атанды.
Байқау соңында әділ қазылар алқасының төрағасы, «Нұр Отан» партиясы Тұрар Рысқұлов аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қанатбек Арыстанбеков сөз сөйлеп, барлық қатысушылар мен осы байқауға демеушілік көрсеткен Ержан Әсетұлына өз алғысын айтты.
Марат Диханбай.