Ботулизмнің алдын алу
30 ViewsБотулизм – жалпы организмнің улануына әкеліп соғатын инфекциялық аупу түрі. Ботулизм – Clostridium botulinum бөліп шығаратын улы затпен (токсин) бүлінген, ластанған тамақтан жұғады, токсин…
Қазан айының бірінші жексенбісі – ұстаздар күні. Жыл сайын аталып өтетін ұстаздар күні биыл да жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Мэлс Өзбеков атындағы аудандық мәдениет үйінде өткен салтанатты жиын мектеп оқушыларының орындауындағы «Ұстаз-Ана» әнімен ашылды. Мектеп мұғалімдері мен ардагер ұстаздар қатысқан мерекелік жиында аудан әкімі Ерболат Садырқұлов құттықтау сөз сөйлеп, жағымды жаңалықтарымен бөлісті. «Мұғалімдер мерекесі орны бөлек, дәрежесі биік, ең ұлағатты мереке. Тәрбиелі де білімді ұрпақты қалыптастыру жауапкершілігі ұстаздар қауымына жүктелуі осы мамандықтың қаншалықты қастерлі екенін айғақтайды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жуырда ғана халыққа жолдаған Жолдауында білім саласында жауапкершіліктің жоғары екендігін нақтылап, барша ұстаздар қауымына зор міндеттер жүктеді. Ендеше, осы жауапты міндетті өз деңгейінде орындау, педагогтарды ынталандыру мақсатында төмендегі мәселелердің оң шешілуін сала басшыларына тапсырамын. Орта білім беретін үздік ұйым грантына жергілікті бюджеттен 1 млн. теңге, «Үздік педагог» конкурсында конкурс жеңімпаздарын марапаттау үшін 2 млн. теңге қаржы бөлінуі тиіс. Ал, бүгінгі мерекеде көп балалы және еңбек нәтижесі жоғары ұстаздарға ынталандыру сыйақысы алғаш рет берілетін болады» дей келіп, көп балалы және еңбек нәтижесі жоғары 20 ұстазға 50 мың теңгенің сертификаттарын салтанатты түрде тапсырды. Олардың қатарында жақында ғана 9 баланы асырап алып, бауырына басқан білім бөлімінің әдіскері Бота Бакеева да болды. Сонымен қатар, Абай атындағы орта мектептің директоры Айткен Әбішевтің омырауына Білім және ғылым министрінің «Білім беру ісінің Құрметті қызметкері»
төсбелгісін таққан аудан әкімі жемісті еңбегімен көзге түскен бірнеше ұлағатты ұстаздарға Білім және ғылым министрінің, Жамбыл облысы әкімінің Құрмет грамотасы мен Алғыс хатын табыс етті. Ұстаздық қызметтегі ұзақ жылғы еңбегі, озық тәжірибесі бар өзге де ұстаздар Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы мен аудан әкімінің Алғыс хатына, «Нұр Отан» партиясы Тұрар Рысқұлов аудандық филиалының Құрмет грамотасына ие болды. Салтанатты жиында білім бөлімінің басшысы Еркін Сейтжапаров пен аудандық білім қызметкерлері кәсіподақ ұйымының төрайымы Айнұр Баймұратова да құттықтау сөз сөйлеп, білім саласында өлшеусіз еңбек еткен ұстаздарды марапаттады.
Салтанатты шараның өн бойы әсем әнмен өріліп, ұлағатты ұстаздарға құрмет көрсетілді.
Мереке Ержанұлы.