Қожалық қысқа әзір

863 Views

Рахым Сәбденов ауылындағы «Байсейіт» шаруа қожалығында 920 бас саулық бар. Бұл шаруашылықта сонымен қатар 340 бас ұрғашы тоқты осы күзде жаңа отарды құрады. Қозы бөліктен соң малшылар жайлаудан төмен түсіп, қазір күйек алу науқанына дайындалуда.
Қожалықта бұдан басқа 81 жылқы, 70 бас сиыр бар. Биыл қоңыр күз түскенше қожалықтың механизаторлары мал азығын дайындауды тоқтатқан жоқ. Шабындықтарда 1 «МТЗ-80» беларусь тракторы, 1 жатка, тайлап буушы механизм тоқтаусыз жұмыс істеді. Тракторшы Василий Евдокимович Саввиди өзіне бекітіліп берген техниканы тиімді пайдаланып, мал азығын дайындау жоспарын артығымен орындады.
— Биыл қыс қандай болатыны әлі белгісіз, — дейді шаруашылық басқарушысы Серік Ұзақбаев. — Дегенмен, жемшөптің сенімді қорын жасап алдық. 2 мая шөп дайындалды, сондай-ақ, азықтық жемді қамбаға құйып алдық.

Суретте: қожалық жетекшісі Бекәділ Бохаев,
тракторшы В. Е.Саввиди, басқарушы С.Ұзақбаев.

Суретті түсірген: Талғат Досбембетов.

Поделиться ссылкой: