Қант қызылшасы қазылуда

889 Views

Өткен аптада ауданға облыс әкімінің орынбасары Мұратхан Шүкеев жұмыс сапарымен келіп, аудандағы қант қызылшасын қазу жұмыстарымен танысты. Бүгінде аудандағы барлық тәтті түбір еккен қожалықтар қазу жұмыстарына қызу кірісіп кетті. Айталық, Мұратхан Жүнісәліұлы арнайы барған Көкдөнен ауылындағы «Бақдаулет» шаруа қожалығының 15 гектар алқапты қазып жатқанына үшінші күн екен. Қожалық басшысы Бекзат Сәрсебаев «Биылғы жиын-терін жылдағыдай қиындық туғызып жатқан жоқ. Жылда техникалық дақылды қолмен қазып, қолмен тазалап, қол күшіне жүгініп келсек, биыл «Шалқар» шаруа қожалығының арнайы комбайндарымен оңай қазып алып жатырмыз» дейді. Гектарына 250 центнерден өнім алған қожалық басшысы өнім көлеміне көңілі толатынын жеткізді. Дегенмен алдағы жылдары агротехникалық шараларды жетілдіріп, өнім көлемін ұлғайтуды көздеп отырғанын жасырмады.
Тереңөзек ауылындағы «Ернар» шаруа қожалығы 30 гектарға егілген тәтті түбірді жинап, гектарынан 250 центнерден өнім алып жатса, Сұлукүл Дәлібаева басшылық жасайтын «Аққайнар» шаруа қожалығы 65 гектар алқаптың әр гектарынан 400 центнерден өнім алуда.

«Құлан таңы» ақпарат.

 

Поделиться ссылкой: